Түркістан облысында экстремистік-террористік сипаттағы 9 қылмыс тіркелді

Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен өңірде экстремизм мен терроризм көріністерін болдырмау мақсатында бірқатар іс-шаралар атқарылды. 
Нәтижесінде 2022 жылдың 10 айында 9 экстремистік-террористік сипаттағы қылмыстар анықталды. Оның ішінде ҚР ҚК-нің 405-бабы (Қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру және оған қатысу)  бойынша 5 іс тіркелген. Ал ҚР ҚК-нің 174-бабымен (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) 4 жайт анықталды. Оған қоса полицейлер заңсыз жұмыс істеп тұрған 3 намазхананы анықтап, құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. 
Ал жүргізілген рейдтік іс-шара барысында экстремистік құқық бұзушылықтардың 6 дерегі бойынша 428 діни әдебиет алынды. Жергілікті құрылымдармен деструктивті діни ағымдарының ұстанушылары жасаған жалпы 846 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, тиісті шарасы көрілді.  Барлығы 1 млн. 700 мыңға тарта айыппұл салынды.                    
Мысалы, ағымдағы жылы облыс аумағында жергілікті атқарушы органдардың тиісті рұқсатынсыз сауда орындарында, базарларда, дүкендерде діни әдебиеттерді сатқаны үшін 11 тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, сот шешімімен 1-ден 50 АЕК-ке дейін айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Біз Иран халқына құрметпен қараймыз – Тоқаев

Мемлекет басшысы Референдум учаскесінде дауыс бергеннен кейін журналистердің сұрақтарына...

Мы проявляем неизменное уважение иранскому народу – Токаев

Глава государства обозначил позицию Казахстана в отношении Ирана, отвечая...

СВОЙ ДЕНЬ РОЖДЕНИЯ – НА УЧАСТКЕ

Для некоторых жителей Алматинской области день референдума совпал с...

Алматы облысында бір көшенің тұрғындары түгел таңдау жасады

Алматы облысындағы Қосқұдық ауылында республикалық референдум күні ерекше жағдай...

Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді

Ережесіз жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Қонаев қаласындағы учаскелердің бірінде...