Түркістан облысы полицейлері 10 ұрлық жайтына қатысы бар жас жігітті ұстады

Кентау қалалық полиция басқармасына бірнеше жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленушінің айтуынша көше бойында орналасқан дүкенінің ішіне белгісіз тұлғалар сыртқы есігін сындыру арқылы жасырын кіріп, спорттық киімдер мен балалар аяқ киімін ұрлап кеткен. Келтірілген шығын 370 000 теңгеге жуық.
Келесі тұрғын болса өз арызында түнгі уақытта белгісіз біреулердің дүкеніне кіріп, кассада тұрған 400 000 теңге ақшасын жымқырып кеткенін жазды.
Үшінші тұрғын да осындай қылмыстың құрбаны болған. Бұл жолы ұры оның гаражына кіріп, автобөлшектерін ұрлап кеткен.
Полицейлер орын алған ұрлық қылмыстарын ашу мақсатында жедел-тергеу тобын құрды. Шұғыл әрекетке көшкен тәжірибелі тәртіп сақшылары қажетті шараларды іске асырды. Қылмысты ашып, күдіктіні ұстау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Жинақталған ақпарат көздері нәтижесінде күдіктінің жеке-басы анықталып, тұрғын-үйінен ұсталды. Оның бұрын сотты болғаны анықталды.
Содан сақшылар тексеру барысында күдіктінің жалпы 10 ұрлық жайтына қатысы барын айқындады. Ұрлаған бөтеннің мүліктерін сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жаратқан болып шықты. Күдікті қамауға алынып, ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қазыбек Иса: Теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салатын уақыт келді

«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Исаның Бас прокурор...

Жаңа технология отандық сотты жаңа биікке жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды...

​ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН БЕРГЕН ОНКҮНДІК

2026 жылы 1 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық...

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...