Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Сауран бекетінің жұмысын тексерді

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Бағланбек Айтпаев, Шымкент-Самара тас жолы бойында орналасқан «Сауран» стационарлық бекетіне барды. Онда полиция полковнигі Б.Айтпаев, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша полиция қызметкерлерінің жұмысымен танысты.

Полиция қызметкерлерінің қалай қызмет атқаратынын тексеріп, стационарлық бекеттің материалдық-техникалық жабдықталуын тексерді. Атап өтсек, бүгінгі таңда бұл бекет жол қауіпсіздігін бақылау үшін қажетті заманауи техника, байланыс құралдары және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Мұнда тәртіп сақшылары тәулік бойы көрші аудандардан келетін және кері қайтатын көлік ағынын тексеруге мүмкіндік беретін планшеттермен жабдықталған. Сондықтан бірінші орынбасар Б.Айтпаев, тәртіп сақшыларының қызмет атқаруға және тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережесін бұзушылардың жолын кесу бойынша қойылған міндеттерді орындауға дайындығын бағалады. Соңында полицейлердің назарын көлік тәртібін нығайтуға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, стационарлық бекет арқылы өтетін автокөліктердің қауіпсіздік шараларын ұстанып, ережені сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге аударды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...