Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Сауран бекетінің жұмысын тексерді

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Бағланбек Айтпаев, Шымкент-Самара тас жолы бойында орналасқан «Сауран» стационарлық бекетіне барды.

Онда полиция полковнигі Б.Айтпаев, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша полиция қызметкерлерінің жұмысымен танысты. Полиция қызметкерлерінің қалай қызмет атқаратынын тексеріп, стационарлық бекеттің материалдық-техникалық жабдықталуын тексерді. Атап өтсек, бүгінгі таңда бұл бекет жол қауіпсіздігін бақылау үшін қажетті заманауи техника, байланыс құралдары және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Мұнда тәртіп сақшылары тәулік бойы көрші аудандардан келетін және кері қайтатын көлік ағынын тексеруге мүмкіндік беретін планшеттермен жабдықталған. Сондықтан бірінші орынбасар Б.Айтпаев, тәртіп сақшыларының қызмет атқаруға және тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережесін бұзушылардың жолын кесу бойынша қойылған міндеттерді орындауға дайындығын бағалады. Соңында полицейлердің назарын көлік тәртібін нығайтуға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, стационарлық бекет арқылы өтетін автокөліктердің қауіпсіздік шараларын ұстанып, ережені сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге аударды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

«Непростой путь судьи»

СУДЬИ РЕДКО САДЯТСЯ ПИСАТЬ О ПРОЙДЕННОМ ПРОФЕССИОНАЛЬНОМ ПУТИ. НЕ...

Адам құқықтарын қорғаудағы сот тәжірибесінің маңызы

Адам құқықтары – әрбір адамның тумысынан ие болатын, заңмен...

ЖОЛДАУ – 2026: МЕЖЕНІ ІС АЙҚЫНДАЙДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына...

Научный журнал ЕНУ вошел в международную базу данных

Научный журнал Turkic Studies Journal, издаваемый Евразийским национальным университетом...

Қазақстан ЮНЕСКО-ның Гаагадағы жаһандық форумында дінаралық диалог тәжірибесін таныстырды

 Қазақстанның форумға алғашқы қатысуы ЮНЕСКО-мен және еуропалық серіктестермен ынтымақтастық...