12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Түркіменстанның 500-ге жуық этникалық қазағы тарихи отанына оралады

Түркіменстаннан 490 этникалық қазақ кетеді,  деп хабарлайды turkmen.news басылымына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

«2 маусымда «Туркмендемиреллары» (Түркіменстан темір жолы) агенттігі Түркіменстанның 490 азамат, яғни этникалық қазақтарды Қазақстанға тұрақты тұруға алып шығады. Бұл шешімді 11 мамырда аурудың таралуына қарсы күрес жөніндегі төтенше комиссиясы Қазақстан елшілігі өтініші бойынша қабылдаған», – делінген хабарламада.

Түркіменбашы – Берекет – Серхетяка – Болашақ бағыты бойынша жолаушыларды жөнелту үшін пойыз ұйымдастырылатыны атап өтілді.

«Болашақ” бағытында түркімен локомотиві қазақстандыққа ауыстырылады, ал жолаушылар Жаңаөзен станциясына дейін жеткізіледі. Ол жерден пойыз Түркіменстанға қайтады.

Басылымның хабарлауынша, өткен жылы Түркіменстаннан 161 қазақ пойызбен шығып, тарихи отанына оралған. Адамдар бұл сәтті бір жылдан аса күткен.

Айта кетейік, 2020 жылы 319 адам Түркіменстан азаматтығынан бас тартқан, оның ішінде 70 адам этникалық қазақтар.

Как новая Конституция повлияет на жизнь казахстанцев: в Астане проходит онлайн-марафон «Референдум–2026»

Мероприятие организовано как информационная площадка для разъяснения положений проекта...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Ғылым ордасында жоғары білім және ғылым саласындағы сыйлықтар...

Қалалық коалиция Алматының барлық ауданында жүйелі түсіндіру жұмыстарына кіріседі

2026 жылғы 13 ақпанда Алматы қаласында Жаңа Конституция жобасын қолдау...