12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Түркіменстаннан көшіп келген қандастарды үкімет қайтадан елден шығарып жібермек

Түркіменстаннан Маңғыстауға келген қандастарды елден шығарып жіберуі мүмкін. Енді олар өңірден басқа аймаққа көшпейміз деп қарсылық білдіріп жатыр. Айтуларынша, Маңғыстауда тума-туыстары қоныс тепкен. Сол үшін осында қалып, тұрақтағысы келеді. Алайда әкімдік қандастар үкімет белгілеген аймаққа көшпесе, депортация жасауға мәжбүр болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп хабарлайды. 

Қандастар елге көшіп келсек те еркіміз болмай тұр деп ашынады. Айтуларынша, бастапқыда Түркіменстандағы елшілік Қазақстанға көшкісі келетіндерге 5 облыстың бірін таңдауға мүмкіндік берген. Ал қандас мәртебесін алған соң қай өңірде тұрғыларың келсе де, өз еріктеріңде депті. Соған сеніп Маңғыстаудағы ағайынымызға асығып жеткенде, әкімдіктегілер бізді солтүстік пен шығысқа көшіріп жібермекші деп ашулы.

“Келгеннен кейін бізге айтып отыр Павлодарға бармасаңдар визасының уақыты біткенде қайтып сол Түркіменстанға көшіріп жібереміз деп отыр. Депортация жасаймыз деп жатыр. Ал Павлодарға барсақ, 5 жыл сонда тұрасың, сосын қайтып көші-қонға тіркелесің деп бізге қылмыскер сияқты қарап отыр”, – дейді қандас Мақсат Қойшыбаев.

Тұрақты мекен-жайға тіркелмегендіктен, қазір не балаларымызды мектепке бере алмай, ауырсақ ауруханаға емделе алмай қалдық дейді жиналғандар. Тіпті олар бізге мемлекет тарапынан ешқандай көмек керек емес деп отыр. Тек өздері қалаған өңірде өмір сүргілері келеді.

“Қуанып жүрдік елге жетеміз ғой деп. Ата-бабамыздың сүйегі қалған жерге. Бұл жерден мен жай сұрап тұрғаным жоқ, жұмыс сұрап тұрғаным жоқ. Тек пропискаға қойса болды. Ал жауапты басқармадағылар Маңғыстауға көшіп келгендерге жұмыс тауып бере алмаймыз деп отыр. Сондықтан қандастар үкімет белгілеп берген аймақтарға көшпесе болмайтынын айтады”, – дейді қандас Ысқан Қайранов.

“Паспорттарына қойылған облыстарына бару керек. Егер бармаған жағдайда 2 айдың ішінде пропискаға тұрмаса депортация көзделеді. Қазақстан республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес”, – дейді Маңғыстау облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсет Шопанов.

Бұған қоса, басқарма басшысы басқа өңірде тұруға қауқарсыз зейнеткерлер мен жалғызбасты әйелдердің мәселесін алдағы уақытта комиссия талқылайтынын айтады. Ал туған жерде өздерінің жақын-жұрағаттарымен тұруды аңсап келген қандастар тек Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмегінен үміт күтіп отыр.

В Алматы в рамках акции «Таза Казахстан» запущено молодежное движение «ЭкоРейнджеры»

В рамках общенационального проекта «Таза Казахстан» создан отряд «ЭкоРейнджеров»,...

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында «ЭкоРейнджерлер» қозғалысы құрылды

Алматыда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында, «ЭкоРейнджерлер» жасағы құрылып,...

Молодежь города Алматы поддержала акцию «Таза Қазақстан»

В Алматы состоялся масштабный субботник в рамках общенациональной экологической...

Алматы жастары  «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

Алматы қаласында "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы аясында өткен ауқымды...

Атырау облысы бойынша ҚАЖД №75 мекемесінде ашық есік күні өткізілді

25-қазан Қазақстан Республикасы күніне орай Атырау облысы бойынша ҚАЖД...