Төреғали Төреәлі әйелімен ажырасып кеткен

Әнші Төреғали Төреәлі мен жары Толқын ажырасып кетті. Дәл осындай мазмұндағы ақпарат желіде желдей есті. Бұған қатысты Төреғалидің өзі пікір білдірді, деп жазады stan.kz.

Төреғали әйелімен ажырасып кетті деген тақырыппен ақпарат тарады Бұл ақпарат әншінің құлағына жеткен. Желідегі парақшасында мұның жалған ақпарат екенін айтып, жағасын ұстады.

«Сұмдық» деп жазды әнші.

Инстаграмның Stories бөлімінлде жалған ақпарат жазғандарды қалай жазалауға болатынын сұрады. Кейіннен ол үшін ешкімді жазаламайтынын айтты.

Әнші өзі жайлы жалған ақпарат таратқандарды кешіретінін айтып, өзі де көптен кешірім тіледі.

«Мен бүгін келеді кешіргім,
Біреуді емес, бәрін де кешірдім.

Көріп тұрып — көрмегенді де,
Біліп тұрып — білмегенді де.
Жаныңа жақын тартқанмен,
Көңілін — бөлмегенді де.
Кешірдім.
Шындыққа — сенбегенді де,
Ойларын — жеңбегенді де.
Түсінуге тырысып, сырды ұғып,
Тереңге — еңбегенді де.
Кешірдім.

Іздесең — келмегенді де,
Қол ұшын — бермегенді де.
Барлығын біле тұрғанмен,
Әдейі — көрмегенді де.
Кешірдім.

Аяқтан шалып — құлатқанды да,
Жаныңа тиіп — жылатқанды да.
Бетіне күліп қарап, бірақ та,
Өсек айтуды — ұнатқанды да.
Кешірдім.

Ренішпенен мына фәни өтпесін,
Алла бізді иманды жан еткесін.
Кешіріңдер қатем болса мені де,
Ешбір күдік ойымызда кетпесін.

Кешірдім, бәрін де кешірдім,
Сендерде мені кешіргің», — деп жазды Ұлы дала баласы.

«Бағың жанып, өркендей бер, балам! Бойыңа Алла барлық талантты берген біртуар азаматсың! Абыройың асқақтай берсін, жарқыным!», «Дәл осылай «Төреғали ажырасты» дегендіде кешіре сал», «Кешіріміңіз қабыл болсын!», «Біреуді өсектейтіндер не табады екен?», «Біреудің өмірі біреуге не керек?», «Рас па келіншегіңмен айырылысып жатқаның, әлде пиар ма?», — деп жазды желідегілер.

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...

Заявление главного исполнительного директора Kazakh Tourism Development Е. Еркинбаева

В социальных сетях распространяется видеозапись с вырубленными деревьями, которая...

Заң – баршаға ортақ: құқықтық мәдениет – қоғам тұрақтылығының негізі

Құқықтық мемлекет құру тек заңдарды қабылдаумен шектелмейді. Оның басты...

Мемлекеттік қызметтегі әдеп – кәсіби мәдениеттің негізі

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...