12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тәрбие — отбасынан басталады

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мемлекеттің аса маңызды аспектісі болып табылады. Осы тұрғыда, мемлекетімізде кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстың және әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған біршама игі іс-шаралар жүргізілуде.
Бірақ, оқу орындарында, басқа да арнайы өткізілген шараларда түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқанына қарамастан, кәмелетке толмағандар арасында алкогольдік ішімдіктерін ішуі, заңды өкілінің еріп жүруінсіз түнгі уақыттарда үй жайларынан тыс жерлерде және ойын-сауық орындарда жүруі секілді әкімшілік құқық бұзушылық жасау деректері азаяр емес.
Осы бағытта, құзырлы органдармен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған насихаттау жұмыстары, тек жасөспірімдердің арасында ғана жүргізіліп қоймай, олардың ата-аналарының және басқа заңды өкілдерінің арасында да жүргізілгені абзал.
Себебі, кейбір ата-аналар кәмелетке толмаған балаларының түнгі сағат 23.00-ден таңғы 06.00-ге дейін өздерінің ерітіп жүруінсіз көшеде немесе сағат 22.00-ден таңғы 06.00-ға дейін ойын-сауық орындарда жүруіне болмайтынын білмейтін жағдайларда да кездесіп жатады.
Алайда, олардың түнгі уақытта ата-анасыз үй жайдан тыс жерде жүру және алкогольдік ішімдікке мас болғаны үшін әкімшілік жауаптылықтар көзделген.
Кәмелетке толмағандардың өздігімен түнгі уақытта қоғамдық орындарда ата-аналарынсыз жүрулері, сонымен қатар, сол уақытта олардың топ болып немесе алкогольдік ішімдік қолданыпғ мас болып жүрулерінің өзі олар тарапынан тәртіп бұзушылық жасауға жол беру болып табылады. Бірақ, балаларының мұндай әркеттер жасауы ата-аналарды алаңдатпауда, керісінше балаларын жақтайтындар да кездеседі.
Кейбір ата-аналар өздерінің материалдық жағдайының нашар болуына байланысты өзінің кәмелетке толмаған балаларын ойын-сауық орындарына даяшы ретінде жұмысқа орналастыратындар да бар.
Алайда, 16-17 жас аралығындағы баланың түнімен кафе-барларда, түнгі клубтарда және мейрамханаларда жұмыс істеуі оның дене бітімінің, психологиялық қалыпты дамуына және орта білім алуына да кері әсерін тигізеді.
Әрбір ата-ана өзінің мүмкіндігінше балаларының түнгі уақытта үйде отыруына және балалардың алкогольдік ішімдіктерді пайдалану құштарлығын алыстатуға бағытталған тәрбиелік маңызы бар әрекетті саналы түрде жасаса, қоғамда орын алып жатқан кәмелетке толмаған балалар арасындағы қылмыстардың және жеткіншектерге арналған түрмедегі балалардыңда санының кемуіне әкеп соғатыны сөзсіз.
Баланың тәрбие алатын орны да – отбасы. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы деген ұғым бар. Сондықтан, жеткіншектер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатындағы насихаттау жұмыстарын олардың ата-аналарының арасында жүргізу әлдеқайда тиімді болып, оң нәтижесін береді деген сенімдемін.

Б.К.Идирисов, Нұр-Сұлтан қаласы Байқоныр ауданының №2 сотының судьясы 

 

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...