«ТҰРАШБЕКОВКЕ ТАҢ ҚАЛАМ..»

Түркістан облысы Ордабасы ауданында «Ордабасы оттары» газетінің редакциясы 85 жылдық мерей тойы тұсында жаңа қонысқа жайғасты. Көне тарихы бар Ордабасының шежірелі тарихынан сыр шертетін газет ұжымына бұрынғы Батсу мектебінің ғимараты сыйға берілді. Бұл қаламгер әріптестеріміз үшін үлкен қуаныш, тамаша тарту болды. Жаңа қоныс сыйлаған аудан әкімі Нұрбол Тұрашбековке көп рахмет-дейді «Ордабасы оттары» газетінің Бас редакторы Ғалымжан Зиябек. Осы Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбековке «таң қалам… » Жүрген жерінде газет редакциясына баспана сыйлағыш Қазақстанда бір әкім болса, ол осы Нұрбол Тұрашбеков шығар. Түлкібаста әкім боп тұрғанда аудандық газетке жаңа қоныс сыйлап мәз етті. Енді міне, Ордабасыға әкім боп келген үш айда «Ордабасы оттары» газет ұжымын жаңа баспанаға жайғастырды. Кейде ойлайсың Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевке өтініш айтып, осы Тұрашбековты әр ауданға «жарты жыл» әкім етіп щықса, басында баспанасы жоқ, «байғұс» біраз аудандық газеттерді жаңа қоныспен жарылқап тастарма еді?..
Ерсұлтан Әмірбек, «Заң» газетінің Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Незаконный бизнес, «левые» доходы

НЕРЕДКО УЛИЧЕННЫЕ В НАРУШЕНИЯХ СУБЪЕКТЫ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА ПЫТАЮТСЯ ПРОДОЛЖИТЬ РАБОТУ...

Интеллектуальный потенциал читающей нации

Школьники, студенты, педагоги, государственные служащие и целые семьи участвуют...

«Непростой путь судьи»

СУДЬИ РЕДКО САДЯТСЯ ПИСАТЬ О ПРОЙДЕННОМ ПРОФЕССИОНАЛЬНОМ ПУТИ. НЕ...

Аллея генералов

В АЛМАТИНСКОЙ АКАДЕМИИ МВД РК ИМ. МАКАНА ЕСБУЛАТОВА СОСТОЯЛОСЬ...

Циркулярная экономика и научный анализ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМ. АЛЬ-ФАРАБИ ОРГАНИЗОВАЛ МЕЖДУНАРОДНУЮ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКУЮ КОНФЕРЕНЦИЮ...