Тұрғынның ауласынан 300 келіден астам сора есірткісі мен 1 келіге жуық көкнәр тәркіленді

Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі егілген ауланы тауып, күдіктіні құрықтады. Нақтырақ айтсақ, полиция бөліміне жергілікті тұрғын үйінде ірі мөлшерде есірткі затын өсіруі мүмкін екендігі жөнінде хабарлама түседі.
Ақпарат алысымен Бәйдібек АПБ қызметкерлері күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Қабылданған жұмыстар нәтижесінде, полиция қызметкерлері тұрғынның үйінің ауласынан заңсыз, өсіруге тыйым салынған 300 түп жасыл түсті өсімдікті тапты. Одан бөлек 180 түп «көкнәр» өсімдігіне ұқсас зат табылды. Оларға сараптама тағайындалды. Қорытындыға сәйкес алынған түптердің бірі 340 келі болатын «сора» есірткі заты. Ал екінші анықталған зат 1 келіге жуық «көкнәр» есірткі заты болып шықты.
Аталған жайт ҚР ҚК 300-бабы «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді ірі мөлшерде заңсыз егіп-өсіру» бойынша тіркелді. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері есірткімен қоғамды улау заң аясында жауапқа тартылатынын ескертеді. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулыққа мән берейік.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...

Локализация и ее преимущества 

Делегация Казахстана посетила ряд ведущих европейских предприятий, специализирующихся на...

Патриотами не рождаются, патриотами становятся 

Воспитание подрастающего поколения в духе патриотизма и духовных ценностей...