Тұрғын жоғалған сиырын тауып берген полицейлерге алғысын жаудырды

Шардара АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын жайылымдағы 1 бас сиырының жоғалғаны туралы арызданды. Арызданушы алғашқыда өзі іздеген. Алайда одан еш нәтиже болмаған соң полицейлерден көмек сұрайды. Бұл жайт аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, жоғалған сиырды іздеу жұмыстары жүргізілді. Тәртіп сақшылары бірнеше мобильді топтарға бөлініп, жақын маңдағы барлық аумақтарды аралап, ауыл тұрғындарымен сұхбат жүргізді, базарлар мен мал тасымалдайтын автокөліктерді тексерді.
Жедел шаралар нәтижесінде, бірнеше күннен кейін Шардара АПБ-ның полицейлері жоғалған ірі қара малды 30 шақырым жерде орналасқан жайылымнан тапты. Табылған сиыр заңды иесіне қайтарылды.

«Мен 1 бас сиырымды жоғалтып, Шардара ауданының полицейлерінен көмек сұрадым. Олар бірден сиырымды іздей бастады және оны тапты. Барша полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Сіздерге үлкен рахмет! «- деді ауыл тұрғыны.

Түркістан облысының полицейлері қырағы болу және малды жайылымда қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді, өйткені сіздің малыңыз барымташылардың оңай олжасына әп-сәтте айналуы мүмкін. Сондықтан мүмкіндігінше, үй шаруашылығын сенімді қоршаумен қоршап, малды таңбалау және сырғалау қажет. Мал жоғалған немесе ұрланған жағдайда өз бетінше іздеп, уақыт жоғалтпастан, дереу полицияның «102» нөміріне хабарласыңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі: құқықтық мәртебесі мен басымдылығы

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілінің құқықтық мәртебесі,...

ТӨРЕЛІК ЕТКЕН ТУРА БИ: МҰРАТ СҮЛЕЙМЕНҰЛЫНЫҢ ӨНЕГЕЛІ ӨМІР ЖОЛЫ

Абыройлы доғарыстағы судья, сот саласының сыйлы ардагері Мұрат Жақыпбеков...

Кассациялық сот – маңызды реформа

Кассациялық сот – соттардың заңды дұрыс қолдануын тексеретін жоғарғы...

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – басты міндет!

Сыбайлас жемқорлық – мәртебесі мен даму деңгейіне қарамастан барлық...