12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тұрғын үй үшін зейнетақы жинағын алу ережесі жарияланды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тұрғын үй үшін зейнетақы қаражатын алу туралы бекітілген ережені жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бір жолғы зейнетақы төлемдерін мына мақсаттарда пайдалануға рұқсат етіледі:

— тұрғын үйді сатып алу-сату, жекешелендіру, бөліп төлеу, айырбастау шарттары бойынша, үлестік қатысу туралы заңнамаға сәйкес кепілдік болған кезде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша толық есеп айырысу;

— жер сатып алуды есептегенде, жеке тұрғын үй салуға;

— ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу;

— ипотекалық тұрғын үй қарызын алу, берешекті ішінара немесе толық өтеу, қайта қаржыландыру;

— ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде тұрғын үйді сатып алу, ислам банкінің тұрғын үй сатып алу жөніндегі мəмілені қаржыландыруы шеңберінде берешекті ішінара, толық өтеу

— сатып алу құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеуге міндетті.

Біржолғы зейнетақы төлемдері шексіз рет пайдаланылады.

Өтініш берушінің жұбайы және (немесе) жақын туыстары атынан берілетін біржолғы зейнетақы төлемдерін алушы пайдалануы үшін тараптар жеке кабинетте біржолғы зейнетақы төлемдерін беру туралы келісім жасасады.

Ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері жақын туыстар болып есептеледі.

Алушының меншігінде тұрғын үйі болуы біржолғы зейнетақы төлемдерін алуына және пайдалануына кедергі болмайды.

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қолма-қол ақшасыз тəсілмен жүзеге асырылады.

Біржолғы зейнетақы төлемдерін алушының жұбайынан (зайыбынан), жақын туыстарынан жылжымайтын мүлік сатып алуға пайдалануға жол берілмейді.

Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып, меншікке рәсімделген жылжымайтын мүлікті бес жыл бойы сатуға болмайды. Егер мүлік сатылса, зейнетақы төлемдерінің сомасын қайтаруға тура келеді. Норма 5 жылдан өтеу мерзімі бес жылдан асатын және олар бойынша өтелмеген берешегі бар ипотекалық тұрғын үй қарыздарына ғана қолданылады. Яғни, егер ипотека бұрын төленген болса, мораторий алып тасталады.

Қағиданың толық мәтінін МЫНА СІЛТЕМЕДЕН оқи аласыздар.

Әрбір күніміз алғысқа толы болсын!

Қазақстандықтар үшін көктемнің алғашқы күні – 1-наурыздың орны бөлек....

Халықтың көңілінен шыққан заңдар өміршең

Халықтың қажетіне жараған, азаматтардың көңілінен шыққан заңдардың қолданысы кең....

Судьялар одағы сот жұмысына серпін берді

Биыл Қазақстан Республикасы Судьялар одағы қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 30...

Профилактика коррупции является одним из основных приоритетов государственной политики

Как известно, Глава государства Касым-Жомарт Токаев на совещании по...

Мемлекеттік тілді құрметтеу парыз

Мемлекеттік тіл – елдің егемендігі мен бірлігінің басты тірегі....