Тұрғылықты жер бойынша емханаға тіркелу

Елімізде 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін емханаға тіркелу науқаны басталып кетті. Сіз өз емханаңызға тіркеліп үлгердіңіз бе? Үлгермесеңіз, біз бүгінгі #oqy&toqy айдарында оны оңай да онлайн жүзеге асыру жолын көрсететін боламыз.
✅ Egov.kz порталы арқылы:
?Egov.kz порталына кіріңіз;
?Іздеу жолында «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» деген қызмет атауын теріңіз;
?Қызметті онлайн сұратыңыз;
?Бірінші қадамда сіз кімді тіркейтініңіз (балаңыз/өзіңіз) және тұрғылықты жеріңіз туралы ақпаратты енгізесіз;
?Медициналық ұйым атауын және дәрігеріңіздің аты-жөнін таңдаңыз;
?Мекенжайыңыз бен байланыс нөміріңізді көрсетіңіз;
?Келесі қадамда енгізген мәліметтеріңіздің дұрыстығын тексеріп, қызмет мәртебесімен таныс болыңыз;
?Нәтижені жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан біле аласыз.

✅Телеграм бот арқылы:
?Телеграмдағы EgovKzBot2.0 ботына кіріңіз;
?Теру жолынан көрсетілетін қызметтер тізімін ашыңыз;
?Денсаулық сақтау батырмасын басыңыз;
?Медициналық ұйымға месенджер ақылы тіркелу батырмасын басыңыз;
?Қызметті кімге алатыныңызды көрсетіңіз;
?Мекенжай мәліметтерін растаңыз;
?Тұрғылықты өңіріңізді көрсетіңіз;
?Емхананы таңдаңыз;
?Тіркелу себебі мен дәрігердің аты-жөнін көрсетіңіз;
?Бот сіздің өтінішіңіздің нөмірі мен тіркелгендігіңіз туралы ақпаратты бірден көрсетеді.

✅Емхана арқылы:
?Жеке куәлік және басқа да денсаулығыңызға қатысты құжаттарды емхананың тіркеу бөліміне көрсетіп, өтініш қалдырыңыз.

?Қызмет көрсету мерзімі — 1 жұмыс күні
?Қызмет нәтижесі:
❇️Емханаға тіркелгендігі туралы медициналық ұйымның ЭЦҚ-сымен расталған электронды талон.

☝️Ескерту, қызметті алмас бұрын тіркеуге тұрғыңыз келген емхананың дұрыс атауы мен дәрігердің аты-жөнін алдын ала біліп алған абзал.

?Емханаға тіркелген кезде, бұрыңғы тіркеуден автоматты түрде шығасыз.

Дендеріңіз сау болсын, өзіңізді күтіп, қызметті үйден алыңыз!❤️

 Родом из бүркітші

ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ ДЛЯ КАЖДОГО ИЗ НАС АССОЦИИРУЕТСЯ С ПРАЗДНИКОМ,...

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

Интеллектуальная собственность и ее защита 

Вопросы регулирования в сфере интеллектуальной собственности: как решать их,...