Төлебиде «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында ақжаулықты аналармен кездесу өтті

Төлеби аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы бойынша ерекше іс-шара өтті. Жиын Төлеби АПБ бастығының орынбасары Ғалымжан Тұрашбеков пен Төлеби аудандық ПБ -нің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы полиция капитаны Ақмарал Боташеваның ұйымдастыруымен өтті. Басты тақырып «Әйел-құқығы, Адам -құқығы «.

Іс-шараға арнайы қонақтар шақыртылды. Мәселен психолог Зарина Кульжанова, ата-аналармен тренинг жүргізіп, ерекше серпіліс сыйлады. Сондай-ақ әжелер алқасының төрайымы Айдаркүл Рахишова өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Отбасы да сыйластық ынтымақтастық барда, ешқандай зорлық-зомбылық болмайтынын жеткізді.

Өз кезегінде полиция қызметкерлері әрбір жиында жастарға, жас отбасыларға өмірлік ақыл кеңестерін айтып отыратын ақжаулықты аналарға алғыстарын білдірді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

«Боқаевтың жиенімен жасалған екінші келісімшарт туралы білмедім» – куәгер Артықбаева

Бүгін Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысында...

Новые веянья в работе судебных экспертов

          С укреплением суверенитета нашего государства Республики Казахстан все...

«ӘЛҚИССА» ДОМБЫРА СТУДИЯСЫ ТҮРКИЯДА БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қазақстандық жас домбырашылар халықаралық байқауда үздік атанып, қазақтың ұлттық...