12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Төлеби ауданында сотталғандарға тәртіп бұзбауы басты назарда

Түркістан облысы, Төлеби аудандық сотының ғимаратында бірлескен кеңес өткізілді.
Аталған шараға кеңесте аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы Н.Жорабеков, аудандық прокуратурасының прокуроры Е.Қасым, аудандық пробация қызметінің бастығы Бауыржан Сарыпбеков және пробация қызметкерлерінің қатысуымен бірлескен кеңес өткізілді.
Аталған шарада Бірлескен кеңесте, Төлеби аудандық пробация қызметі есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түріне сотталған азаматтар, жаза өтеу барасында сот жүктеген міндеттерін және ҚР ҚК-і, ҚР ҚАК-де көрсетілген міндеттерін орындамағандары үшін, жазаларының өтелмеген бөліктерін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру мақсатында, пробация қызметінің жолданған ұсыныстары, сотталған кешірім сұраған және оған қоғамнан оқшауламай жазасын өтеуге мүмкіндік беру деген уәждермен қанағаттандырусыз қалдырылған жағдайлар бойынша мәселелер талқыланып, алдағы уақытта пробация қызметінің ұсыныстары, сотталған кешірім сұраған және оған қоғамнан оқшауламай жазасын өтеуге мүмкіндік беру деген уәждермен қанағаттандырусыз қалдырылған жағдайлар бойынша ескеріліп, заң аясында қаралатыны ескертілді.

Осы тіркеуде тұрған азаматтардың бүгінгі жағдайлары кеңес отырысында назарға қойылды. Жазасын өтеп, қатесін түсінген азаматтарға қоғамда қай уақытта да қолдау бар. Кеңес отырысында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтарға барынша қолдау көрсету, көмек беру кеңінен сөз болды. Жеке кәсібін ашамын дегендерге мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант беру, еңбекке жарамды азаматтарды жұмысқа орналастыру, отбасылық жағдайларына қарай әлеуметтік көмек тағайындау сияқты мәселелер көтеріліп, ұсыныс пікірлер ортаға салынды. Кеңес отырысында көтерілген мәселер бойынша пробация қызметті жүйелі түрде жұмыс жасауда. Сотталған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу барысында атқарылатын жұмыстар да жиын барысында талқыланды, — деді әділет майоры.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

Сотталғандармен психологиялық жұмыс: қорқыныштың алдын алу сессиясы

Абай облысындағы №21 мекемеде сотталған азаматтармен психологиялық қолдау жұмыстары...

Облыс прокуратурасының қызметкерлері жаза өтеудегі тұлғалармен кездесу өткізді

«Заң мен тәртіп» қағидаты және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жылдық...

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне...