Тәуелсіздік – тұғырым!

Тәуелсіздік бізге ұлттық, аймақтық және жаһандық өлшемде шексіз жауапкершілік жүгін артты. Біз осынау ұлы тағдырды қабыл алып, бірегей бірлігіміз бен табысты тірлігіміз арқылы тарих сынағынан сүрінбей өтіп келеміз. Халқымыз Тәуелсіздіктің берік тұғырын бекітіп, Мәңгілік Ел болуға бет бұрды, бекем бел буды. Сол себепті, Тәуелсіздік күні күллі қазақстандықтармен қатар тарихи Отанымен табысқан қандастар мен әлемнің әр қиырындағы отандастарымыз үшін де ең ұлы құндылық һәм ұлық мереке екеніне еш күмәніміз жок.
Тәуелсіздік –ең алдымен Қазақ халқының бостан¬дыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Тәуелсіздік-ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қарды дағдарыстарының қиындық¬тарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағын¬дырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енді. Мемлекет басшысының елді дамытуға стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді.
Мәселен, халық айтса, қашан да қалып айтпайтыны рас қой. Бабалар сөзіне сүйенсек, тілін білмеген түбін білмейді. Елбасы айтқандай: «Бойында қаны бар, намысы бар әрбір азамат: «Енді тәуелсіздікті қалай кемелдендіреміз, елдің көсегесін қайтсек көгертеміз?!» деп ой-санасын қамшылауы керек». Демек, бүгінгі оқу-тәрбие жұмысын осы бағытта аса сақтықпен саналы түрде өрбіту қажеттігі күн тәртібінен түспеуі тиіс, тіпті бұл бағыттағы кешенді жұмыстарымызды еселеп арттыру қажет, ұлттық дәстүрге айналдыру шарт. Қолға тиген киелі Тәуелсіздігімізді сақтау жолында еліміздің әрбір азаматы ойлануы тиіс. Бейқамдыққа, аңғалдыққа жол жоқ; Тексіздік тілсіздіктен. «Тілі бар халық халық, Тілі жоқ халық балық» демей ме атам қазақ. Қазақтығымыз — қасиетіміз.
Ұлы тәулсіздікке тағзым ету – әрбір азаматтың қасиетті борышы.

Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ержанова А.А.

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...