Тәуелсіздік күніне орай паравелоспорттан Қазақстан кубогы өтті

15-16 желтоқсан күндері Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде Тәуелсіздік күніне орай паравелоспорттан Қазақстан Кубогы ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Дәстүрлі жарысқа тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар, сондай-ақ интеллектуалдық даму ерекшеліктері бар параспортшылар қатысты. Турнир Қазақстанның паравелоспорт федерациясының қолдауымен және ұйымдастыруымен өтті.

Екі күнге созылған бәсеке барысында спортшылар әртүрлі қашықтықтарда сынға түсіп, ел біріншілігінің жүлделері сарапқа салынды. Жарыстың екінші күні салтанатты марапаттау рәсімімен қорытындыланып, Қазақстан Республикасы Кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

Фото: El.kz

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын, баршаңызға сәттілік тілеймін. Келесі жылы тағы да кездесеміз деп үміттенемін. Барлығыңызды міндетті түрде күтеміз. Бүгін жүлдеге іліге алмаған балаларға айтарым — келесі жылы жақсылап дайындалып, жарысқа келіңіздер. Биыл біз алты облысты қамтыдық, ал келесі жылы оннан астам өңір қатысса, мақсатымыздың орындалғаны деп білеміз.
Қазақстан велоспорт федерациясына және жарыстың өтуіне қолдау көрсеткен барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз, — деді Мәжіліс депутаты, қоғам қайраткері Сейтжан Кенжеғұл.

Кубок аясында 3 шақырымдық жеке жарыс ерекше тартысты өтті. C санатында Қостанай облысының өкілі Павел Бабенко 4:30,62 уақыт көрсеткішімен жеңіске жетті. Екінші орынды астаналық Ринат Марденов, үшінші орынды Алматы қаласының спортшысы Даурен Ахметов иеленді.

Фото: El.kz

Ал I1 санатында Астана қаласының өкілі Владислав Толомасов үздік нәтиже көрсетіп, Кубок жеңімпазы атанды. Күміс медаль Алдияр Жолманға, қола жүлде Ахмет Буюрғанға бұйырды.

Командалық есепте ең жоғары нәтиже көрсеткен Астана құрамасы (4 алтын, 5 күміс, 3 қола) жалпы есепте бірінші орынды иеленді. Екінші орын — Қостанай облысына, үшінші орын — Алматы қаласына тиесілі болды.

Фото: El.kz

Айта кетейік, жарыс аясында Velolegend командасының 17 спортшысы C және I санаттары бойынша өнер көрсетті. Қатысушылар географиясы Астана қаласын, Қарағанды, Алматы, Ақмола және Қостанай облыстарын қамтыды. Бұл елімізде паравелоспортқа деген қызығушылықтың жыл сайын артып келе жатқанын айқын көрсетеді.

Фото: El.kz

Паравелоспорттан Қазақстан Республикасы Кубогы — инклюзивті және бейімделген спортты дамытудағы маңызды алаң. Аталған жарыс еліміздің үздік параспортшыларын анықтауға, паравелоспортты кеңінен насихаттауға және барлық спортшылар үшін тең мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталған.

Фото: El.kz
Фото: El.kz
Фото: El.kz
Фото: El.kz
Фото: El.kz

ЖСДП мемлекеттік шығыстарды барынша ашық етуді ұсынды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Орталық аппаратының жетекшісі Мақсұт Насибулов Астанада...

«Будучи в Парламенте, они долго блокировали прогрессивные налоги на роскошь или сверхприбыли – члены ОДСП высказались об Ак Жол

Руководитель Центрального аппарата Общенациональная социал-демократическая партия Максут Насибулов выступил...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕЗЕҢ: ТАРИХШЫ МЕН ЗАҢГЕР КӨЗҚАРАСЫ

2026 жылғы 1 шілде – Қазақстанның конституциялық даму тарихындағы...

КОНСТИТУЦИЯ – ҰЛТТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІЛІК ДӘСТҮРІНІҢ АЙНАСЫ

2026 жылғы 1 шілде Қазақстанның саяси-құқықтық тарихында жаңа кезеңнің...

РОЛЬ СУДА ПО ДЕЛАМ НЕСОВЕРШЕННОЛЕТНИХ В ЗАЩИТЕ ПРАВ ДЕТЕЙ

Защита прав и законных интересов несовершеннолетних является одной из...