Тәуелсіз елдің тұғыры – Конституция

Аспан астында өз алдына ту тіккен әрбір елдің ең қасиетті құжаты – оның Конституциясы. Қазақ халқы үшін де Ата Заң – азаттығымыздың алтын арқауы, елдік пен еркіндіктің мәңгілік кепілі. 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдуммен қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы – жаңа дәуірдегі халқымыздың ортақ мұраты мен болашағын айқындаған тарихи құжат. Ол мемлекеттің құқықтық негізін бекітіп қана қоймай, елдің ең басты байлығы – адам мен оның құқықтарын төрге шығарды.

Конституция – халқымыздың ел боламын деген арманын, ұлт болып ұйысқан рухын заңмен өрнектеген қасиетті кітап. Оның әр бабы – өткенімізден сабақ алып, келешекке сеніммен қадамбасуға бағытталған сара жол. Ата Заңда көрініс тапқан «демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет» ұстанымы – біз ұстанған өркениетті даму бағдарының айқын айғағы. Тәуелсіздікпен бірге түлеген Конституция – елдіктің, бірліктің, тұрақтылықтың темір қазығы.

Әрбір қазақстандықтың жүрегінде Конституцияға деген сенім мен құрмет болуы тиіс. Себебі ол – тек заңдар жинағы ғана емес, ел тағдырын айқындайтын тұғырлы негіз. Ата Заң – ұлтты ұйыстырып, ұрпақты тәрбилейтін рухани темір қазық. Оның арқасында елімізде бейбіт өмір, тұрақты даму, ұрпаққа үміт сыйлайтын болашақ орнауда.

Бүгінгі күн – Ата Заңмен өмір сүріп, оның аясында өсіп-өркендеп отырған Тәуелсіз Қазақстанның алтын дәуірі. Конституция – біздің бағымыз, бірлігіміздің берік іргетасы. Оны құрметтеу – әр азаматтың парызы, ал оны сақтау – ұлт болашағына қосылған өлшеусіз үлес.

Қызылорда қалалық сотының

жетекші маманы Қ.Сақтағанова

Быть услышанными и участвовать в решениях – эксперт о возможностях Қазақстан Халық Кеңесі

В Казахстане 957 этнокультурных объединений участвуют в общественной жизни,...

ҚАЗСТА Президенті Қайрат Закирьянов жеңімпаз студенттерді ұлықтады

Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өткен ХХ Азия...

КАЗАСТ ПОЧТИЛА СТУДЕНТОВ — ПРИЗЁРОВ АЗИАТСКИХ ИГР

В Казахской академии спорта и туризма почтили студентов-спортсменов, достойно...

ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТ ЖҰМЫСЫНЫҢ 9 АЙЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде...