Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы бақылау және құқықтарды қорғау жұмыстарының 2026 жылғы бірінші жартыжылдықтағы қорытындылары туралы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы М. Жанбыршиевпен сұхбат
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік қызмет көрсету саласында қандай нәтижелерге қол жеткізілді?
2026 жылдың алғашқы алты айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді.
Бақылау іс-шараларының нәтижесінде заң бұзушылықтар анықталып, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ құқықтары бұзылған азаматтардың өтініштері қаралды.
Әкімшілік жауапкершілік бойынша қандай шаралар қабылданды?
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 12 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Рұқсат беру құжаттарын беру мерзімдері мен тәртібін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 465-бабы бойынша барлығы 36 әкімшілік хаттама рәсімделді.
Оның ішінде 31 хаттама ӘҚБтК-нің 465-бабының 1-бөлігі бойынша, 4 хаттама 3-бөлігі бойынша және 1 хаттама ӘҚБтК-нің 462-бабы бойынша жасалды.
Қысқартылған тәртіппен қаралған 32 әкімшілік іс бойынша жалпы сомасы 1 567 812,5 теңге көлемінде айыппұл салынды.Нәтижесінде 32 әкімшілік іс бойынша айыппұлдар соммасы толық өндірілді. Сонымен қатар, әкімшілік жауапкершілікке байланысты 4 хаттама сот тәртібімен қаралды
Әкімшілік жауапкершілікке байланысты сот тәжірибесінің нәтижелері қандай болды?
Уәкілетті органның сот практикасы мемлекеттік қызметтер саласындағы бақылаудың тиімділігін көрсетті. ӘҚБтК-нің 465-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа жолданған 4 әкімшілік материалдың барлығы қаралып, сот Департаменттің ұстанымын қолдады.
Нәтижесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнама талаптарының бұзылу фактілері негізді деп танылып, жалпы сомасы 605 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Тәртіптік жауапкершілікке қанша мемлекеттік қызметкер тартылды?
2026 жылдың алты айында мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде анықталған бұзушылықтар үшін 67 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Оның ішінде 30 қызметкер жергілікті атқарушы органдардың, ал 37 қызметкер орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері болды.
Азаматтар мен заңды тұлғалардан қанша шағым түсті?
2026 жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалардан барлығы 512 шағым келіп түсті. Олардың ішінде 66 жағдайда өтініш иелерінің құқықтарының бұзылғаны расталды. Ал 29 жағдайда азаматтардың бұзылған құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді.
Бақылау шаралары барысында қандай нәтижелер анықталды?
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 5 жоспарлы және 149 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Жоспарлы тексерулер нәтижесінде 17 160 бұзушылық, ал жоспардан тыс тексерулер барысында 146 бұзушылық анықталды.
Сонымен қатар, 5 қашықтықтан бақылау іс-шарасы өткізіліп, оның нәтижесінде 7 894 бұзушылық анықталды.
Бұдан бөлек, 143 сұрау салу іс-шарасы жүргізіліп, 189 бұзушылық фактісі тіркелді.
Мемлекеттік қызметтер алуда қандай заң бұзушылықтар жиі кездеседі?
Жүргізілген бақылау шараларының нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы келесі негізгі бұзушылықтар анықталды:
- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу – 10 089 факт;
- мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мерзімдерін бұзу – 2 104 факт;
- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзу – 965 факт;
- мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту – 27 факт;
- артық құжаттарды талап ету – 1 факт;
- құжаттар толық болмаған жағдайда қызмет көрсету – 11 815 факт;
- өзге де бұзушылықтар – 388 факт.
Мемлекеттік қызметтере алуда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қалай жүргізілді?
2026 жылдың алты айында Алматы қаласы Ведомствоаралық жұмыс тобының 2 көшпелі отырысы өткізіліп, олардың қорытындысы бойынша Департамент тарапынан 9 ұсыныс енгізілді.
Халық арасында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту мақсатында «Елге қызмет» арнайы телебағдарламасының 6 шығарылымы жарық көрді.
«Ең алдымен адамдар» арнайы оқу бағдарламасы аясында 2 семинар өткізіліп, оған 16 тыңдаушы қатысты.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 58 түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды.
Қоғаммен кері байланыс бағытында қандай жұмыстар атқарылды?
«Қызмет алушылар күні» жобасы шеңберінде 7 жәрмеңке өткізіліп, оған 1 066 азамат қатысты.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 18 семинар ұйымдастырылып, оған 861 қызмет беруші қатысты.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі бойынша 2 интернет-конференция өткізіліп, азаматтардан түскен 8 сұраққа жауап берілді.
Қорытындылай келе 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау, азаматтардың құқықтарын қорғау және заң бұзушылықтардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді. Бақылау іс-шараларының нәтижесінде мыңдаған заң бұзушылық анықталып, жауапты тұлғалар әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, азаматтардың өтініштері қаралып, құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылданды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Алматы қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының
бас маманы
Төреқан Г.Б.


