12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тұран университеті студенттері «Үздік студент» халықаралық конкурсының І дәрежелі диплом иегерлері

2025 жылғы 5 қыркүйек, Астана қаласында өткен Халықаралық зерттеу орталығы ұйымдастырған ғылыми-педагогикалық мекемелер арасындағы ОФ «Endless light in science» «Үздік студент» халықаралық зерттеу байқауында Тұран университетінің «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері Құттымұрат Аружан Ерланқызы және Ерланқызы Анель жоғары академиялық жетістіктерін көрсетті.

Байқауды ОФ «Endless Light in Science» Халықаралық зерттеу орталығы ұйымдастырған. ELS – білім мен ғылым саласында инновациялық бастамаларды қолдауға бағытталған халықаралық платформа, ол жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін дамытуға жағдай жасап, олардың жобаларын халықаралық аренада таныстыруға мүмкіндік береді. ELS заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, онлайн-платформаларды және халықаралық серіктестік желілерін пайдаланады. Орталық ұйымдастыратын конференциялар, форумдар мен байқаулар жас ғалымдардың әлеуетін арттыруға және өз идеяларын жаһандық ақпараттық ортада көрсетуге мүмкіндік береді.

Шара нәтижесінде жеңімпаздар: Құттымұрат Аружан Ерланқызы және Ерланқызы Анельөздерінің жоғары академиялық және ғылыми деңгейін дәлелдеп, І дәрежелідипломмен марапатталды.

Тұран университетінің студенттері халықаралық деңгейде жоғары нәтиже көрсетіп, еліміздің ғылыми қауымдастығының беделін арттырды. Бұл жетістік жеңімпаздардың табандылықтарыңыздың, академиялық дайындығыңыздың және ұстаздарыңыздың сапалы еңбегінің жемісі.

Ғылым мен білім – еліміздің стратегиялық дамуының берік негізі. Жаңа буынның интеллектуалдық әлеуеті қоғамның жаңғыруына, құқықтық мәдениеттің өсуіне және заманауи мемлекетіміздің өркендеуіне зор үлес қосады. Сіздердің ғылыми ізденістеріңіз, талпыныстарыңыз бен жаңашыл идеяларыңыз осы маңызды міндеттерді жүзеге асыруға қызмет етеді.

Алдағы уақытта да білім жолында биік мақсаттар қойып, ғылыми ізденістеріңізді жалғастырып, ел ертеңіне өз үлестеріңізді қоса бересіздер деп сенемін.

Студенттердің ғылыми жұмыстары өзектілігі, ғылыми негізділігі және практикалық маңыздылығымен көзге түсіп, сарапшылар тарапынан жоғары баға алды.

Жеңімпаздарды дайындауға зор үлес қосқан — олардың ғылыми жетекшісі, Тұран университеті Жоғары құқық мектебінің сениор-лекторы Тулебаева Асем Серикболовна. Ұстазының кәсіби бағыт-бағдары мен қолдауының арқасында студенттер өз зерттеулерін халықаралық деңгейде табысты қорғап шықты.

Университет барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, оларға жаңа биіктер мен шығармашылық табыс тілейді. ELS орталығының ұжымына жас таланттарды таныту мен халықаралық ғылыми қауымдастықпен байланыстыруға қосқан үлесі үшін алғысымыз шексіз.

Баршаңызға жаңа белестер, тың жетістіктер және шығармашылық табыс тілейміз!

Тұран университеті Жоғары құқық мектебінің

сениор-лекторы А.Тулебаева

В КазНУ прошли академические слушания с участием депутатов Парламента

В Казахском национальном университете имени аль-Фараби прошли академические слушания,...

ҚазҰУ-да Парламент депутаттарының қатысуымен академиялық тыңдаулар өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жаңа Конституция жобасын талқылауға...

В Кызылорде состоялось расширенное заседание Политического совета партии «Ауыл»

6 февраля 2026 года в городе Кызылорда под председательством...

Қызылордада «Ауыл» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда...