12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тұрақты қалалар мен елді мекендер-қауіпсіз болашақтың негізі

   Қазіргі жаһандану дәуірінде урбанизация үдерісі қарқынды дамып, әлем халқының басым бөлігі қалаларда өмір сүруде. Осыған байланысты қалалардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, инфрақұрылымды жетілдіру, тұрғындардың өмір сапасын арттыру және қауіпсіз ортаны қалыптастыру мәселелері ерекше маңызға ие болды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 11-мақсаты-«Тұрақты қалалар мен елді мекендер» осы бағыттағы жаһандық міндеттерді айқындайды. Бұл мақсат қалалар мен елді мекендерді қауіпсіз, инклюзивті, экологиялық таза және тұрақты етуге бағытталған.Тұрақты қалалар-бұл тек заманауи ғимараттар мен дамыған инфрақұрылым ғана емес, сонымен қатар тұрғындарға қолайлы өмір сүру ортасы, қауіпсіз көлік жүйесі, таза ауа, сапалы тұрғын үй, қолжетімді білім мен медицина және тиімді басқару жүйесі бар кеңістік. Қала тұрақтылығы әлеуметтік теңдікке, экономикалық даму мен экологиялық қауіпсіздікке негізделеді. Сондықтан 11 Тұрақты даму мақсаты  қазіргі заманғы мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналды.Қазақстанда урбанизация деңгейі жылдан жылға артып келеді. Алматы, Астана, Шымкент сияқты ірі мегаполистер еліміздің экономикалық, мәдени және ғылыми орталықтарына айналды. Бұл қалаларда халық санының өсуі тұрғын үйге, көлікке, инфрақұрылымға және экологиялық жағдайға қатысты жаңа талаптар мен міндеттерді туындатады. Сондықтан қалаларды тиімді жоспарлау, көгалдандыру, қоғамдық көлікті дамыту және қауіпсіз ортаны қалыптастыру-мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің бірі.Мемлекет тарапынан қалалардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылуда. «Ақылды қала» (Smart city) тұжырымдамасы аясында цифрлық технологиялар енгізіліп, қалалық инфрақұрылым басқару жүйелері жетілдірілуде. Қоғамдық көлікті жаңарту, жол қауіпсіздігін арттыру, экологиялық мониторинг жүргізу, энергияны үнемдеу және қалдықтарды басқару жүйесін дамыту-тұрақты қалалардың негізгі көрсеткіштері болып табылады.Сонымен қатар, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі де тұрақты қалалар құрудың маңызды бөлігі болып табылады. Халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту және жаңа тұрғын аудандарды жоспарлау – әлеуметтік тұрақтылықтың негізі. «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы» сияқты бағдарламалар халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

    Тұрақты қалалар қалыптастыруда құқықтық мәдениет пен заң үстемдігі де маңызды рөл атқарады. Қоғамдық тәртіпті сақтау, заңсыз құрылысқа жол бермеу, қалалық ортаны қорғау және азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету – тұрақты дамудың негізгі қағидаларының бірі. Осы бағытта әділет органдары мен құқық қорғау құрылымдары халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын насихаттауда.Жастардың тұрақты даму идеяларын қолдауы да маңызды. Жоғары оқу орындары мен мектептерде экологиялық мәдениет, урбанистика, азаматтық жауапкершілік және тұрақты даму қағидаттары бойынша білім беру арқылы саналы ұрпақ қалыптасады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сияқты жетекші оқу орындары тұрақты даму мақсаттарын білім беру және ғылыми зерттеулер арқылы жүзеге асыруда. Университеттерде «жасыл кампус» жобалары, экологиялық акциялар, ғылыми жобалар және урбанистика бағытындағы зерттеулер жүргізілуде.Қалалардың тұрақты дамуы тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Әрбір тұрғын өз қаласының тазалығы мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, қоғамдық өмірге белсенді қатысуы қажет. Қоқысты сұрыптау, қоғамдық орындарды таза ұстау, көлік мәдениетін сақтау, табиғатты қорғау-тұрақты қалалар құрудың маңызды элементтері.Қазіргі уақытта климаттың өзгеруі, ауа сапасының нашарлауы, көлік кептелістері мен урбанистік мәселелер қалалардың тұрақтылығына әсер етуде. Осыған байланысты инновациялық шешімдер мен заманауи технологияларды енгізу маңызды. Энергия үнемдейтін технологиялар, жасыл құрылыс, жаңартылатын энергия көздері және цифрлық басқару жүйелері қалалардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.11 Тұрақты даму мақсаты қалалар мен елді мекендерді қауіпсіз, жайлы және экологиялық таза етуге бағытталған. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекет, қоғам және әрбір азамат бірлесіп әрекет етуі тиіс. Тұрақты қалалар-болашақ ұрпаққа қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастырып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді. Сондықтан қалалардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету-бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі және жарқын болашақтың кепілі.

С.Ж. Сулейменова

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті  азаматтық құқық,азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының оқытушысы,заң ғылымдарының докторы,профессор

Таза су және санитария – қоғам саулығының кепілі

   Бүгінгі таңда әлемдік қауымдастықтың алдында тұрған ең өзекті...

Қарағанды облысының кадрлық резерві:Өңірдің жаңа көшбасшылары

         Өңірлік кадр резерві – еліміздің дамуына үлес қосатын,...