Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда жылжымайтын мүлікті тіркеудің жаңа ережелері күшіне енді. Бұл өзгерістер жылжымайтын мүлікке құқықтарды құқықтық кадастрда жүйелі тіркеуге қатысты болмақ. Оған мемлекеттік  жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі базаларының бірлестігі көзделген бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүліктің кадастры жүйесі енгізіліді. 

Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын  мүліктің кадастрында жер учаскелерін ұсынудан бастап жылжымайтын мүлік объектілеріне барлық құжаттарды рәсімдеумен  аяқтай отырып,  барлық қызметтерді көрсету көзделген.Яғни жер мен жылжымайтын мүлікті есепке алу жүйесі біріктірілген.

Енді мемлекеттік акті мен техникалық паспорт біріктіріліп, орнына бірыңғай кадастрлық паспорт қолданылады. Жүйенің басты ерекшеліктері артық құжаттар  талап етілмейді /талдау актісі, жерге орналастыру жобасы, комиссия  хаттамасы/.

Осы заңмен «Жылжымайтын мүліктің кадастрлық паспорты» ұғымы енгізілді, бұрын жер учаскесін акт және жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспорты болған, енді осының бәрі жылжымайтын мүліктің кадастрлық паспортына біріктірілген. Бұл электронды түрде жасалады, ол құжат айналымын жеңілдетеді. Және алу мерзімі де қысқарады.

Кадастрлық паспорттың электрондық форматында қосымша мәліметтер енгізіледі,  жер учаскелерін нақтылау және аймақтарға бөлу көзделген. 

Тек жылжымайтын мүлікті шілдеден бастап рәсімдегенде немесе қайта тіркегенде ғана жаңа құжат алатын болады. Жер учаскелері жай ақпарат та қол жетімді болады, азаматтар egov.kz порталы арқылы бос жер телемдері жайлы мәлімет алып, аукционда сатып ала алады. Жеке тұрғын үй құрылыс үшін  кезекте тұрған азаматтар да жер телімін жаңа цифрлық жүйе арқылы рәсімдей алатын болады.

Жер учаскелерін беру жөніндегі қызметтерді цифрландыру мәселесіне енгізілген өзгерістер жер қатынастарындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне кедергі келтіреді, мерзімдерді қысқартады, құжат айналымын жеңілдетеді.

Заңға енгізілген өзгерістер жер учаскелерін беруде ашықтықты жүзеге асырады.

Қызылорда облысының әділет 

департаментінің бас маманы А.Алибекова

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Хэллоуин мерекесі аталып өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер мекемесінде сотталған әйелдердің қатысуымен...