Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді. Қайырымдылық бастамасына еліміздің әр өңірінен 17 кәсіпкер қосылды. Қаражат қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына тікелей беріледі.

Allur Group директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев пен Integra Construction KZ бас директоры Шахмурат Муталип қаза болған әр әскери қызметшінің отбасына 25 млн теңгеден бөледі.

SA Construction Group бас директоры Гаджи Гаджиев отбасыларға 100 млн теңге, Karazhal Operating компаниясының негізін қалаушы Жұмабек Жаныкулов 50 млн теңге көмек көрсетеді. Бахыт Атайбеков, Дмитрий Лактюшин, Акбаржон Исмаилов және Имамзада Шагиртаев әрқайсысы 10 млн теңгеден, Геннадий Зенченко, Александр Куприенко, Сырым Ертаев және Лугмар Буларов 5 млн теңгеден бөледі.

Сонымен қатар Николай Арсютин, Рафаил Гаджибалаев, Манас Ташыбеков, Латипша Асанов және Абдулла Исматуллаев әрқайсысы 1 млн теңгеден қаржылай қолдау көрсетеді.

Бұған дейін Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов қаза болған әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, Мемлекет басшысының тапсырмасымен арнайы мемлекеттік комиссия құрылғанын және қажетті көмек көрсетіліп жатқанын атап өткен.

«Әскери қызметшілеріміздің қаза болуы – ең алдымен, үлкен адамдық трагедия. Мемлекет басшысының өкімімен 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Ал зардап шеккендерге тезірек сауығып, үйлеріне аман-есен оралуларын тілеймін», – деді Ерлан Қошанов.

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.