Түркістан облысында нашақорлыққа қарсы күрес айлығы басталды

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, облыстық әкімдік пен басқа да тиісті сала мекемелерінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласында «26 маусым-Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне» орай бір айлық іс-шараның ашылу жиыны өтті. Шараға оқушылар, студенттер және облыс орталығының тұрғындары қатысты.

Ауқымды жиынды Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманбек Сахов пен облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев ашып берді. Сондай-ақ спортшылар сөз сөйлеп, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері жауынгерлік әдіс-тәсілдерін көрсетсе, кинолог мамандар қызметтік иттермен түрлі жаттығуларын жасады.

Полиция полковнигі Қ.Сахов: «Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында есірткі саудасына және нашақорлыққа қарсы күресу маңызды міндет екенін атап өтті. Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы, болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні анық. Осы ретте департамент бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасына сәйкес өңірде есірткіге қарсы күрес, жастарды қолдау жұмыстары қарқынды жалғасуда. Сондықтан баршаңыздың есірткісіз қоғам құруға шақырамыз!»-деді.

Акция аясында полиция тарапынан түрлі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, концерттік және спорттық бағдарламалар ұйымдастырылды. Мақсат-өскелең ұрпақтың есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастыру, жастарды нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы тұруға шақыру.

Айта кетсек, 2025 жылдың 4 айында есірткінің заңсыз айналымының 139 фактісі анықталды. Оның ішінде есірткі сатудың 18 фактісі тіркеліп, заңсыз айналымнан 200 келіге жуық есірткі заттары тәркіленді.

Шара соңында облысқа белгілі әншілер мен жас спортшылар өнер көрсетіп, жиынның ерекше өтуіне үлес қосты.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

«50 мың теңгелік зауыт»: сот Артем Крецумен жасалған мәмілені жарамсыз деп таныды

Құны 2,5 млрд теңгеден асатын активтері бар Көкшетаудағы жұмыс...

Tatulyq.kz: зорлық-зомбылықтың алдын алуда қоғамның жауапкершілігі маңызды

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз...

Ана тілі — асыл қазына

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Бұл...

ПРЕСТУПНЫЕ ДОХОДЫ – ЧЕРЕЗ КРИПТУ

ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ОТКРЫЛИ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ НЕ ТОЛЬКО ДЛЯ ЗАКОННОГО...