12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Түркі әлемінің ынтымақтастық күні: БІРЛІК РУХЫ

3 мамыр — Түркі әлемінің ынтымақтастық күні. Түркілік ынтымақтастық мерекесін атап өту тарихына шамамен 80 жыл толып отыр. Бұл тарихи күн алғаш рет 1944 жылы 3 мамырда Түркияда — Топқана әскери түрмесінде Нихал Атсыз, Зәки Уәлиди Тоған, Недждет Санжар және Реха Оғыз Түрккан бастаған он тұтқын тарапынан атап өтілген.

Сол уақыттан бастап бұл күн кең ауқымды сипат алып, түркішілдер арасында жоғары деңгейде аталып өтетін дәстүрге айналды. 

3 мамыр күні Бакуде, М.Мағомаев атындағы Әзірбайжан Мемлекеттік Академиялық Филармониясында Әзірбайжан Республикасы Мәдениет министрлігінің, Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының және Филармонияның бірлескен ұйымдастыруымен Түркі әлемінің ынтымақтастық күніне арналған «Бірлік рухы» атты концерт өтеді.

Концерттік бағдарламада Ниязы атындағы Әзірбайжан Мемлекеттік симфониялық оркестрі (дирижерлер – Ялчын Адыгөзәлов және Қанат Омаров) мен Қазақстанның «Тұран» фольклорлық ансамблі өнер көрсетеді. Бағдарламада Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Мажарстан, Өзбекстан және Түрікменстан композиторларының шығармалары мен халық әндері орындалады.

Әке үмітін ақтаған ұл

   Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек аудандық полиция бөлімі бастығының...

Білікті маман Мамытов

Мақаламыздың кейіпкері – Бөкей ордасы аудандық полиция бөлімі бастығының ...

Рақымшылық Заңының маңызы зор!

Қазақстанда кезекті рақымшылық заңы қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігін алғаннан...

Кәсіподақтар Президент реформаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді

Жұма күні, 11 шілдеде Астанада Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының...