Түлектер шеруі – 2026

2026 жылғы 26 маусым күні Атырау облысы бойынша ҚАЖД қарасты №79 мекемесі жанындағы колледжде «Түлектер шеруі – 2026» атты салтанатты диплом табыстау рәсімі ұйымдастырылды.

Салтанатты шараға оқу орнының басшылығы, мекеме басшылығы, педагогтер, түлектер және қонақтар қатысты.
Бітіруші түлектерге Шаштараз, Тігінші, Кондитер және Аспазшы біліктіліктері бойынша 31 студентке мемлекеттік үлгідегі дипломдар табысталды. Сонымен қатар қоғамдық және шығармашылық өмірде белсенділік танытқан студенттерге алғыс хаттар берілді. Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасты.

Оқу орны ұжымы және мекеме басшылығы барлық түлектерді диплом алуымен шын жүректен құттықтайды.

Состоялось мероприятие посвященное Национальному дню домбры

5 июля 2026 года в учреждении минимальной безопасности №21...

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...