Сыныптасының атынан бірнеше рет несие рәсімдеген жас жігіт ұсталды

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жас жігіттің айтуынша, өзінің танысы әбден сеніміне кіріп, оның атынан 850 000 теңге ақшалай, 1 105 000 теңгеге тауарлы несие рәсімдеген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.
Тәртіп сақшылары осы қылмысқа қатысы бар күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды жүзеге асырды. Олар хабарлама түскеннен соң, көп уақыт өтпей, сезікті жас жігітті қолға түсірді.
Анықталғандай, күдікті жәбірленушінің сыныптасы болып шықты. Сезікті жігіт «сенің банк шотыңа ағам ақша аударады» — деп, оның банк қосымшасын өзінің ұялы телефонына орнатып алған. Банк қосымшасы арқылы несиелер рәсімдеп, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері оңай жолмен олжалы болуды көздейтін алаяқтарға алданбауға шақырады. Қандай таныс болса да, күмәнді қызметтермен сенімге кіретіндерден сақ болыңыздар. Өзіңіздің жеке шот нөміріңіз бен төлқұжаттарыңызды бермес бұрын, оның сенімді адам екендігіне көз жеткізуге кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Борьба с киберпреступностью

СИСТЕМНАЯ ПРОФИЛАКТИКА ИНТЕРНЕТ-ОБМАНА В АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ НАБИРАЕТ ОБОРОТЫ. МЕСТНАЯ...

Реализация проектов в действии

В ХОДЕ РАБОЧЕЙ ПОЕЗДКИ АКИМ ОБЛАСТИ АБАЙ БЕРИК УАЛИ...

К 100-летию выдающегося режиссера

ТОРЖЕСТВЕННОЕ ОТКРЫТИЕ МЕРОПРИЯТИЙ, ПОСВЯЩЕННЫХ 100-ЛЕТИЮ ВЫДАЮЩЕГОСЯ КАЗАХСКОГО РЕЖИССЕРА, ЗАСЛУЖЕННОГО...

Иллюзия близости: почему чат-боты заменяют нам друзей?

ПОЗДНИЙ ВЕЧЕР, В КВАРТИРЕ ТИХО, ГОРОД ЗА ОКНОМ ДАВНО...

Водоснабжение населения: итоги и планы

В Казахстане продолжается системная работа по обеспечению населения качественными...