Сынып жетекшілерінің үстемақысы қашан артуы мүмкін? 

ОКҚ алаңында өткен брифингте сынып жетекшілеріне төленетін қосымша ақы көлемін арттыру мәселесі көтерілді. Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова бұл ұсыныс қазір қаралып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистер сынып жетекшілеріне берілетін үстемақыны көбейту мәселесі бірнеше рет көтерілгенін атап өтті. Сондай-ақ бұған дейін министрлікке тиісті ұсыныстар жолданғаны айтылды.

Осыған байланысты қосымша төлемді арттыру бойынша нақты шешім бар ма деген сұрақ қойылды.

Министрлік өкілінің айтуынша, қазіргі таңда сынып жетекшілеріне қосымша ақы төленеді. Алайда оны ұлғайту мәселесі әлі қаралып жатыр.

Бұл мәселе қазіргі уақытта Оқу-ағарту министрлігінде қарастырылып жатыр. Тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыныстар жолданды. Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады, — деді Ақпарова.

Такси жүргізушілеріне жаңа талап енгізілді

Қазақстанда такси тасымалдаушыларына қойылатын талап күшейтілді.

Хайп қуып табиғи және тарихи нысандарды бүлдіргенге айыппұл салынады

Соңғы кеззде әлеуметтік желілерде видео жариялап, хайп қуу мақсатында табиғи және тарихи нысандарды бүлдіру деректері жиілеген.

Елімізде ҰБТ-2026 басталды: Тестілеу 10 шілдеге дейін жалғасады 

Қазақстанда негізгі ҰБТ-2026 басталды. Тестілеу науқаны 10 шілдеге дейін жалғасып, ел бойынша 45 тестілеу орталығында өтеді.

Қазақстандағы көпбалалы аналар: Елде қанша «Алтын алқа» иегері бар 

Қазақстан өңірдегі туу көрсеткіші салыстырмалы түрде жоғары әрі көпбалалы отбасылар саны тұрақты өсіп келе жатқан мемлекеттердің бірі болып қала береді.

Мамыр айында қанша күн демаламыз?

9 мамыр - Жеңіс күні. Мерекеге орай Қазақстан азаматтары...