Сыйлық пен параны қалай ажыратуға болады?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов сыйлық пен параның айырмашылығын түсіндіріп, алғыс білдіруге арналған тиісті соманы атады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кулуарда журналистер агенттік өкілінен пара мен сыйлықты қалай ажыратуға болатынын сұрады.

«Себеп-салдарлық байланыс болуы керек. Егер сіз бір нәрсені сұрасаңыз және сізге осылай жасау қажет деген нұсқаулық айтылса онда бұл пара болып табылады. Егер сыйлықтың көлемі екі айлық есептік көрсеткіштен (2025 жылы бұл 7 864 теңге) асатын болса, онда бұл параға жатады», — деді Мәжіліс кулуарында өткен баспасөз брифингінде.

Мәселен, дәрігерге, балаңыздың сынып жетекшісіне алғыс ретінде берген кондитерлік қорап параға жатпайды деп нақтылады ол.

«Егер біреу сыйлықтар берсе, арнайы қор бар. Ол бұрыннан бар. 5 АЕК-тен (19 660 теңге) асатын сыйлықтар тапсырылады», — деп қосты Сарқұлов.

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...