СЫБАЙЛАСТЫҚҚА ТӨЗБЕУ ПАРАҚОРЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫН КЕСЕДІ

Жылжыған жылдармен бірге азаматтардың құқықтық мəдениеті дамып, аршындай алға басқанын уақыт атты төреші көрсетіп отыр. Алакөл аудандық №2 сотында қалыптасқан жақсы бір əдет қызмет орнына белгіленген уақытта келіп-кету, талапқа сай киіну, функционалдық міндетін мінсіз атқару. Бұл екінің бірі елеп-екшемейтін еренсіз ғана, бірақ қызметкерлерге тигізетін ықпалы зор əрі қуана құптарлық жайт. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының 1-бабы, 1-тармағында «əкімшілік-шаруашылық функциялар – ұйымның балансындағы мүлікті басқаруға жəне оған билік етуге Қазақстан заңында белгіленген тəртіппен берілген құқық» деп нақтыланған. Соңғы жылдары сот жүйесі үздіксіз дамып келеді. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау, қылмысқа түбегейлі тыйым салу мақсатында қазіргі таңда сот ғимараттарында толықтай жаңа технологиялар жолға қойылған. Сот ғимараттарының барлығы бейнекамералармен қамтамасыз етілген. Бұл құрал бірінші кезекте азаматтар қауіпсіздігіне, екіншіден, сыбайласқан жемқорлықтың жолын кесуге арналған. Бұл уақыт қажеттілігінен туындаған талап. Жемқорлықтың жолын қоғам болып кесу, оған төзбеу замана талабы, бағыты, өркениетке қадам. Қазіргі кезде компьютерлік орталықта əр күннің бейнежазбасы сарапталып, сұранымға сай тиісті орындарға жіберіліп отырады. Қорыта айтқанда, міндет мемлекетке мінсіз қызмет ету, заң бұзушылыққа жол бермеу. Қоғамдағы жемқорлыққа қарсы сананың дамуы оған төзбеушілікті қалыптастырудан туындайды. Ендеше барлық құқық қорғау орындары мен мектеп, оқу орындары бірлесе жұмыс жасағанда қоғам жемқорлардан тез тазарып, əділет пен құқықтық мемлекет тез қалыптасады.

Бақытгүл ОРДАШЕВА, Алакөл ауданының №2 соты əкімшісінің басшысы ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ

В Алматинской области более 460 детей получили медицинскую помощь в рамках выездных осмотров

В рамках мероприятий, приуроченных ко Дню Республики Казахстан, специалисты...

Алматы облысында 460-тан астам балаға көшпелі медициналық көмек көрсетілді

Қазақстан Республикасы күніне орай Облыстық балалар клиникалық ауруханасының мамандары...

Сот қызметін ұйымдастыру – жауапты әрі маңызды міндет

Істің көзін тапқан, қисықтың тезін тапқан мамандар ғана халық...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тілдің қоғам...

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ 

Қазіргі қоғамда жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу – маңызды...