spot_img
spot_img

Сыбайлас жемқорлықпен күресу әр адамның міндеті

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс екендігі анық.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шарасын қатаңдатуды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде баса айтты. Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен күресте бүкіл қоғамның белсене ат салысып, жемқорлық жағдайларына жалпыға ортақ төзбеушілік қоғамын қалыптастыру маңызды екенін жеткізді.
Бұл ретте өскелең ұрпақтың жастайынан құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыру, отансүйгіштік бағыттағы құндылықтар негізінде тәрбиелеу маңызды. Өйткені, азаматтардың өз құқықтарын жақсы білуі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына бірденбір ықпал ететін фактор болып табылады. Еліміздің әрбір азаматы қандай да бір заңнаманы сәйкесінше қолдана білсе, мемлекеттік қызметкердің өз лауазымын заңсыз қолдануына жол бермесе, яғни заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін тиімді қолданса еліміз дерттен арылып, әлемдегі дамыған елдер қатарынан орын алуына үлкен үлес қосылар еді.
Мұның бәрі елімізде құқықтық мемлекеттің іс жүзінде орнауына, заңның үстемдігіне, әр адамның қауіпсіз өмір сүруіне, қоғамдық тәртіптің нығаюына, әлеуметтік ахуалдың жақсаруына, ең бастысы ұлттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тұрақты дамуға жеткізеді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор.
Сондай-ақ, заңнамалық актілердегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал етуі мүмкін заңнама талаптарындағы сәйкессіздіктерді анықтап, тиісті өзгерістер енгізу жұмыстары да ұдайы жүргізілуде.
Сот саласында Судьяларды іріктеу және бағалау жүйесі жақсартылды. Облыстық және оларға теңестірілген соттарда судьяның әдебі жөніндегі комиссиялар жұмыс істейді, Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің ішкі қауіпсіздік және соттарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі құрылды. «Татуластырушы судья» лауазымы енгізілді, бұл соттарға жүктемені үш есе азайтты: істердің жартысына жуығы татуласумен аяқталуда, тараптар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтып, дауды өздері шешуде. Сот процестері онлайн-режимге ауыстырылды. Істерді автоматты бөлу алгоритмінде айла-шарғы жасау мүмкіндігі жойылды. Заң үстемдігі қағидатын сөзсіз қолдану мақсатында, халықаралық бизнестің азаматтық және коммерциялық дауларын жедел шешу үшін ерекше құқықтық режим шеңберінде жұмыс істейтін «Астана» халықаралық қаржы орталығының Тәуелсіз соты құрылды.
Сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселесі де тұрақты күн тәртібіне енгізілген. Облыстық сот қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықпен ашық әңгіме ұйымдастырады, веб-сайттарда материалдар тұрақты беріліп тұрады, халықпен тікелей кездесу жолға қойылған.
Атап айта кетерлік жайт, халықтың сотқа деген сенімінің күшеюіне судьялар да ықпал етеді. Осы орайда, соңғы жылдары судьялыққа үміткерлерге қойылатын талаптар күшейіп келе жатқанын анық байқауға болады.
Сот саласында атқарылған оң жұмыстардың нәтижесінде халықтың сотқа деген сенімінің орнығып келе жатқандығын байқатады.
«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды»- деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтып кеткендей, еліміздің әрбір азаматы заңнама талаптарын сақтап, жауапкершілігімізді арттырып, заң мен адалдықты алға қойып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру міндетіміз екенін, ұмытпағандымыз жөн. Сыбайлас жемқорлықпен күресу, оны жою әрбір адамның мемлекет алдындағы азаматтық борышы.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының жетекші маманы А. Өмірзақ

Кассациялық сот – әділдікке бастайтын қадам

Әділетті қоғам орнату – мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі....

Ұрланған мүлікті ешкім меншіктей алмайды

«Тәртіпке бағынған құл болмайды» деп халқымыздың біртуар батыры Бауыржан Момышұлы...

Тұрғын үй заңнамасының талаптарын бұзуға жол бергені үшін ЖШС-не айыппұл салынды 

  Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБК-нің...

Гендерлік теңдік

Дүние жүзіндегі миллиондаған әйелдер мен ер адамдар нәсіл немесе...

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібі

     Әкімшілік құқық бұзушылық анықталған және оны жасаған тұлға белгілі болған кездеуәкілетті адам әкімшілік іс жүргізуді қозғайды, тұлғаға айыппұлды осы Кодекстің Ерекшебөлігі бабының санкциясында көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде жетітәулік ішінде төлеу құқығын түсіндіреді және қажет болған жағдайда белгіленген үлгідегітүбіртекті табыс етеді.       Егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталғанарнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптармен тіркелсе, адамныңайыппұлды белгіленген үлгідегі түбіртекпен бірге айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаматиісінше жеткізілген кезден бастап жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының елупайызы мөлшерінде төлеуге құқығы бар.      Айыппұлды көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде жеті тәулік ішіндетөлеген жағдайда іс мәні бойынша қаралды, шешім заңды күшіне енді, ал адам әкімшілікжауаптылыққа тартылды деп есептеледі. Осы Кодекстің 47-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы тараудың...