spot_img
spot_img

Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге дамып, тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдердің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан нұқсан келтіріп отыр. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез-келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.

Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

Қоғамдағы орын алып отырған осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатуы ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел келешегіне, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиян әкелетіні аян. Яғни осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ өте маңызды мәселе екені айқын. Өйткені қоғамның әр мүшесі өзінің тұрмыстық, әлеуметтік және құқықтық мәселелерін шешу кезінде еріксіз сыбайлас жемқорлықтың ықпалын сезінетіні шындық. Қарапайым халық арасында еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың кең етек жаюын тек биліктегі адамдардың ашкөздігімен ғана байланыстырамыз. Билік жүйесіне қатысы бар адамдардың сол жүйеде орын алатын келеңсіз құбылыстардың құрбаны болу мүмкіншілігі барын да естен шығармау қажет. Қазіргі қалыптасып отырған билік жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың тамыры мемлекеттің даму бағытын таңдау кезіндегі жасаған биліктің қадамдарына байланысты екенін де жоққа шығаруға болмайды.

Сондықтан да сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін осы құбылыстың пайда болуы мен оның табиғи дамуының негізін түсіне білу қажет.

Маңғыстау облысының қылмыстық

істер жөніндегі  мамандандырылған

ауданаралық сотының приставы

Б.Қ.Кушкинбай

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ

Мемлекеттік қызметші болу - бұл үлкен абырой мен міндет....

КАССАЦИЯЛЫҚ СОТ

Бүгінде сот жұмысының сапасын арттыру мемлекеттің басты міндеттерінің бірі...

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию...

Әйелдер түзеу мекемесінде жұмыс кеңесі өтті

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты 79 мекемесінде сотталғандардың...

«Встреча у ворот»

Социальный проект «Встреча у ворот» проведен в колонии №21...