Сыбайлас жемқорлықпен күресу және оның алдын алу бүгінгі күні мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып отырғаны жасырын емес. Бұл ұғым “параға сатып алу”, “пара” ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді.
ҚР “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл” Заңынад келесідей анықтама береді.
Ол: “жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіліктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалану, сол сияқты игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды сатып алу».
Яғни лауазымды тұлғаның заңсыз сатылуы деген қысқаша сөзбен үлкен мәнді айтуға болды.
Сыбайлас-жемқорлық экономикалық заңдардың іс-әрекетін төмендетеді, елдегі әділетсіздік пен әлеуметтік қиыншылықтарға алып келеді. Адал және әлеуметтік бағытталған бизнес нарықтан ысырылады, себебі сыбайлас-жемқорлық мұндай бизнесті тиімсіз етеді. Сыбайлас-жемқорлық әсіресе мемлекеттік билік органдарында қауіпті. Мұндай жағдайда ол биліктің монополиясын, мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдау өкілеттігін күшейтеді және шенеуніктердің қатал құқықтық есеп беруін және бақылауда болуын жоюын білдіреді.
Демек сыбайлас-жемқорлық мемлекеттік жүйені қара құрдымға итермелеп, мемлекеттік билік беделінің және мемлекеттік қызмет абыройның құлдырауына ықпал етеді.
Ол үшін мемлекеттік тарапынан шаралар көптеп жасалуда және ол үшін жауаптылық та күшейтілген.
Мысалы жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама дайындылып, Президент жанындағы комиссия, агенттік, барлық мемлекеттік органдар осы бағытта жұмыстар атқаруды.
Сот органдарында да сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған семинарлар, оқулар өткізіліп, ұдайы түсіндірме жұмыстары өткізіліп отырады. Пара алған да, берген де заңнан құтыла алмайды. Заңсыз жасалған әрекеттің барлығы жазалатыны сөзсіз. Сондықтан елде сыбайластықтың мүлдем болмауы – «Жаңа Қазақстанды» құрудың бір тетігі деп білемін.
Ф.Шакиров
Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының бас маман-сот приставы