12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлық ел дамуына кедергі келтіреді. Бұл жемқорлықтың қоғам үшін, адамзат үшін келтіретін ең басты зияны. Алайда, сыбайлас жемқорлықтың залалы тек мемлекеттің дамуына тосқауыл қобынан ғана көрінбейді. Қоғамда мұндай кеселдің орнығуы, қалыпты жағдайға айналуына азаматтардың болашаққа деген сенімін әлсіретеді. Барлық мәселенің жең ұшынан жалғасып шешілетінін, коррупцияның етек жайғанын күнделікті көріп, біліп жүрген халықтың билікке қатысты көзқарасы төмендейді.

Мұның соңы азаматтардың өз қабілетіне иек артпауына, болашаққа жоспар құрмауына әкеледі. Осылайша жалпы қоғамда барлық мәселе тек тамыр-таныстықпен, жемқорлықпен шешіледі деген түсінік орнығады. Ал өз елі сенбейтін, өз халқы тірек көрмейтін мемлекетке басқа елдердің қызығуы әсте мүмкін емес. Бұл өз кезегінде мемлекеттің халықаралық байланыстан тыс өмір сүруіне, экономикалық, саяси байланыстардың шектелуіне ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алған уақыттан бері сыбалйсат жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізіп келеді. Біздің еліміз тәуелсіз мемлекеттер достастығына кіретін мемелекеттер арасында бірінші болып жемқорлыққа қарсы заң қабылдады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы бұл заң 1998 жылы қабылданып, елдегі ашықтықты қамтамасыз етуге, жемқорлыққа тыйым салуды мақсат етті.

Әрине, заман алға жылжыған сайын заңдардың да жаңарып, толықтырулар мен өзгерестер енгізуді талап ететіні рас. Қазақстандағы заңдарды ізгілендіру, қылмысқа жаза тағайындаудан гөрі, қылмыстың алдын алудың мықты тетіктерін енгізу бағытында қолға алған ауқымды іс-шараларының нәтижесінде 2015 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы заң қолданысқа енгізілді. Бұл заң кеселдің салдарымен емес, себебімен күресуге бағытталып отыр.

Сәйкесінше осы заңды басшылыққа алған құзырлы органдар сыбайлас жемқорлыққа жол бермеудің, ашық, қолжетімді қызмет көрсетудің механизмін жасауда. Бұл қатарда еліміздің сот құрылымы да бар. Бүгінде сот саласында көрсетілетін қызметтер толық электрондық форматқа көшірілген. Енді сот ғимаратына арнайы келудің, кезекке тұрудың, көптеген анықтама жинаудың қажеттілігі жоқ. Мұның өзі жемқорлық тәуекелдерінің алдын алады.

Сонымен бірге, судьялардың тараптармен процесс барысында, процестен тыс байланысуына да тосқауыл қойылған. Сот ғимараты 100 пайыз дыбыс-бейне жазу құрылғыларымен қамтылғандықтан, жемқорлыққа жол берілмейді деп сеніммен айтуға болады.

Нұржан Нұрланұлы,
Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман, сот отырысының хатшысы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...