12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ТУРАЛЫ

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық  — заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.  Сондықтан ол үнемі терең зерттеуді, белсенділікті және оған қарсы тұруды қажет етуіне байланысты өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Сол себепті, барлық сот мамандарымен әр өткен жедел жиналыста талқыланатын мәселе – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жайында. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс.

Мемлекеттік қызметтің беделін көтеру мақсатында, сыбайлас жемқорлық фактілерін алдын алу және жолын кесу үшін арнайы осы бағыттағы шаралар бойынша бекітілген жұмыс жоспарлары ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, сот мамандарымен тақырып төңірегінде түрлі дәрістер, семинарлар және дөңгелек үстелдер өткізілуде.

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қатысты  қылмыстар мен осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың  дендеуіне септігін тигізуде.

Әрбір адам парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Ол үшін заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдыруға жол бермеуіміз керек. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

Қорыта келгенде, мемлекеттік қызметші өзіне жүктелген функционалдық міндеттерін мінсіз орындап, мемлекеттік қызметтің беделіне және абыройына нұқсан келтірмей, өз іс-әрекетімен қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және жолын кесу үшін тиісті деңгейде жұмыс атқаруы тиіс.

Тойғамбаева Айгүл Саматқызы, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы                        

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...