Сыбайлас жемқорлықты көріністерін алдын алу

Еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық  және  әлеуметтік мемлекет  ретінде  орнықтыру  жолындағы ең басты қауіп-қатерлерінің  бірі сыбайлас  жемқорлық екені  барлығына  белгілі. Сондықтанда оны болдырмау, алдын-алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлық еліміздің экономикасы  мен ұлттық қауіпсіздігіне орасан зор нұқсан келтіріп қана қоймай, нарықтық экономиканың дамуына залалын тигізеді. Сол себепті онымен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына айналған Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. 

Сыбайлас жемқорлықтың ерекшелігі-оның көпшілікке жария етілмеуінде. Өйткені, ол екіжақты «құпия мәміле» ретінде іске асырылғандықтан, оның ашылуына екі тарап та мүдделі болмайды. Үлкен әлеуметтік қасірет саналып отырған қылмыстың бұл түрі саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлем елдерінің қай-қайсысын да қатты алаңдатуда. Көбінесе сыбайлас жемқорлыққа  адамдардың заң талаптарын  білмеуінің салдарынан жол беріледі. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтындығын көпшілік ескере бермейді.

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық  қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің,әдептілік ұстанымының төмен болуы, құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы,кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың  дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі.

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бас маманы

 сот отырысының хатшысы С.Б.Ескараев 

СОТ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ 

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында сот қызметтерінің сапасын жақсартуға және...

Ата-ана құқықтарын шектеу және бала мүддесі

Елімізде ата-ана құқықтарын шектеу негіздері, шарттары Қазақстан Республикасының Неке...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар

Қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар азаятын емес, керісінше...

Сотқа құрмет әрқашан маңызды

Қазақстан егеменді ел болып, еңсесін тіктеп, еркін тыныс алғанына...

Сот мұрағатының жұмысы                      

Соттардағы мұрағат жұмысы сот іс жүргізуінің  негізгі бөлігі. Мұрағат дегеніміз...