Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіретін теріс құбылыс. Ол мемлекеттік басқару жүйесіне деген сенімді төмендетіп, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктеріне нұқсан келтіреді. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның басты міндеттерінің бірі болуы тиіс.
Сыбайлас жемқорлықтың салдары
Сыбайлас жемқорлық:
• Экономикалық дамуға кедергі жасайды;
• Әлеуметтік теңсіздікті арттырады;
• Құқықтық мемлекеттің дамуына тосқауыл қояды; • Халықтың билікке деген сенімін жояды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін:
Ашықтық пен жариялылықты арттыру қажет – мемлекеттік шешімдер мен бюджеттік шығындар халыққа ашық болуы тиіс.
Сапалы құқықтық білім беру – жастарды адалдыққа тәрбиелеу, заңға құрметпен қарауды қалыптастыру маңызды.
Жауапкершілікті күшейту – сыбайлас жемқорлыққа барған тұлғаларға заң шеңберінде қатаң жаза қолданылуы керек.
Қоғамдық бақылауды енгізу – азаматтардың, БАҚ пен ҮЕҰ-лардың бақылауы маңызды рөл атқарады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу – ұлттың болашағын қорғау. Әрбір азамат адал еңбек етіп, заңды сақтап, әділдік пен шындықты өмірлік қағида етіп алса, қоғамда жемқорлыққа орын болмайды. Елдің болашағы – біздің қолымызда.
Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің сот отырысының бас маманы – хатшысы Ж.Н.Бекболат