12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мемлекеттік саясаттың негізігі басымдықтарының бірі

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін атап өтті. Оның пікірінше, заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңестеБаршаңызға мәлім, сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу – біздің саясатымыздағы негізгі басымдықтың бірі деп атап өтті

Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек.  Біз соңғы жылдары осы салада бірқатар маңызды қадам жасадық.

Соттардың сапалы қызмет атқаруы үшін нақты шаралар қабылданды. Бұл салада талапқа сай келмейтін судьяларға орын болмауға тиіс [1].     

Кейінгі үш жылда 174 судья жұмыстан шығарылды, я болмаса лауазымы төмендетілді. Бұл – осыған дейінгі он жылдағы көрсеткіштен  үш еседей артық. Былтырғы шілде айынан бастап елімізде әкімшілік әділет жүйесі жұмыс істей бастады.

Жаңадан құрылған әкімшілік соттарға жарты жылдың ішінде 14 талап-арыз түскен.  Бұрын мұндай істердің 85 пайызы мемлекеттік органдардың пайдасына шешілетін. Ал, қазір, тең жартысында  сотқа арызданушылар жеңіп шығуда [1].     

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Д.Жазықбай өз сөзінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы маңызды қадам – мемлекеттік аппараттың жұмысын оңтайлы әрі тиімді ұйымдастыру. Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бұл бағытта бірқатар кешенді жұмыстар атқарылуда.

Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту жаңа кезеңдегі басым бағыт ретінде белгіленген. Мұны іске асыру халыққа әділ, адал, ашық қызмет көрсететін, адамға бағдарланған сервистік сипаттағы мемлекеттік аппарат қалыптастыруды көздейді.

Осыған орай, әлемдік тәжірибедегі жетістіктер мен мемлекеттік қызметтің мансаптық және позициялық модельдерінің ұтымды элементтері ескеріліп, елімізде мемлекеттік аппараттың жұмысын тиімді ұйымдастыру жаңаша сипатта өріс алуда. Нақтырақ айтсақ, мансаптық модельге сәйкес, іріктеудің ашық жүйесін қамтамасыз ете отырып, жас мемлекеттік қызметшіге төменгі лауазымдардан бастау арқылы меритократия қағидаты бойынша өсу мүмкіндігі, ал позициялық модельге сай жеке сектордан кәсіби мамандарды тарту тетіктері енгізіліп отыр.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі екенін атап өтуге болады [3].

Мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғырту, меритократия қағидатын орнықтыру, ашық іріктеу тетіктерін енгізу және кәсіби мамандарды тарту – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызды құралдары болып отыр. Бұл шаралар мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттырып қана қоймай, оның ашықтығы мен халыққа бағдарланған қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы күрес – тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, бұл бүкіл мемлекеттік жүйені кешенді түрде жаңғыртуды талап ететін ұзақ мерзімді стратегиялық үдеріс. Жүргізіліп жатқан реформалар құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтып, әділ әрі ашық қоғам қалыптастыруға негіз болады.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы  бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Тлешалиев Н.Д.

Әдебиеттер

1Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзі

2 Жемқорлыққа жол бермеу – Басты назарда. https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-audany-akimat/press/news/details/679352?lang=kk

3 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ.

Әрбір күніміз алғысқа толы болсын!

Қазақстандықтар үшін көктемнің алғашқы күні – 1-наурыздың орны бөлек....

Региональный кадровый резерв – механизм повышения качества регионального управления

Региональный кадровый резерв – важный кадровый проект, направленный на...

Обращение, направленное через Telegram-бот, нашло положительное решение

Агентства по делам государственной службы и его территориальные департаменты...

Telegram-бот арқылы жолданған өтініш оң шешімін тапты

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері мемлекеттік...

Қазақ ақындары жаңа Конституцияға өлеңмен қолдау білдірді

Қазақстандық айтыскер ақындар жаңа Конституция жобасына қолдауын жыр арқылы...