Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңестеСыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – еліміздің стратегиялық дамуындағы негізгі басымдықтардың бірі. Бұл – менің берік ұстанымым және сайлауалды бағдарламада халыққа берген уәдем.  Осы жұмыста ешқандай көзбояушылыққа, «бармақ басты, көз қысты» әрекеттерге жол берілмеуге тиіс. Талап қатаң болады. Былтырғы жиында біз нақты іс-қимыл жоспарын айқындадық. Бүгінде бірқатар мақсатты жүзеге асырдық. Қазақстан беделді халықаралық ГРЕКО ұйымына, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына мүше болды. Нормативтік актілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өткізу институтының жұмысы жаңғырды [1].

Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу болып табылады [2].

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі болып табылады [2].

Құқық  бұзушылық профилактикасы – құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтауға және нығайтуға бағытталған, құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері жүзеге асыратын құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық және өзге де шаралар кешені болып табылады [3].

«Тұрмыстық» сыбайлас жемқорлық — азаматтар мен кәсіпкерлердің күнделікті өмірде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл жасауына байланысты «тұрмыстық» сыбайлас жемқорлық іс жүзінде көптеген салаларда сақталып отыр.

Транспаренси Қазақстан» қоғамдық қоры жүргізген «2020 жылғы сыбайлас жемқорлық жай-күйінің мониторингі» әлеуметтанушылық зерттеуінің нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тұрғысынан сезімтал органдар мен мекемелердің тізбесі жылдан-жылға іс жүзінде өзгермейді: мемлекеттік емханалар мен ауруханалар, полиция, жер қатынастары басқармалары, ХҚКО-лар, мемлекеттік балабақшалар мен жоғары оқу орындары [4].

      Соңғы үш жылда сыбайлас жемқорлық қылмыскерлік құрылымының едәуір бөлігін – 50%-дан астамын парақорлық фактілері алып отыр.

      Негізгі себептер қатарында: сақталып отырған әкімшілік кедергілер, екіұдай мағыналы және дискрециялық нормалар, мемлекеттік органдардың жеткіліксіз ашықтығы, баламалы (қағаз) негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үлесінің жоғары болуы бар [4].

      Нақты жағдайларға, өңірлік, салалық және өзге де ерекшеліктерге сүйене отырып, әртүрлі әлеуметтік топтарға олардың құқықтарын, міндеттері мен рәсімдерін қолжетімді және түсінікті етіп түсіндіру стандарттары болмай отыр [4].

Қорытындылай келе, Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – Қазақстанның стратегиялық дамуының басты басымдықтарының бірі болып табылады. Бұл бағытта нақты шаралар қабылданып, халықаралық ынтымақтастық нығайып, заңнамалық және институционалдық тетіктер жетілдірілуде. Атап айтқанда, елдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы құрамына кіруі – осы саладағы маңызды қадамдардың бірі.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың, әсіресе «тұрмыстық» деңгейде сақталуы мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінде әлі де жүйелі мәселелер бар екенін көрсетеді. Денсаулық сақтау, білім беру, құқық қорғау және халыққа қызмет көрсету салаларында жемқорлық тәуекелдерінің жоғары болуы – әкімшілік кедергілердің, ашықтықтың жеткіліксіздігінің және қызметтердің толық цифрландырылмауының салдары.

Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін кешенді шараларды жалғастыру қажет. Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыру, қызмет көрсету үдерістерін толық цифрландыру, заңнаманы жетілдіру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру маңызды. Тек осындай жүйелі және тұрақты жұмыс арқылы қоғамда заң үстемдігін қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге болады.

Әдебиеттер

  1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзіhttps://www.akorda.kz/kz/speeches/internal_political_affairs/in_speeches_and_addresses/memleket-basshysy-kktokaevtyn-sybailas-zhemkorlykka-karsy-kures-maseleleri-zhonindegi-keneste-soilegen-sozi 19 тамыз 2020 года
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ
  3. Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 245-VIII ҚРЗ
  4. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығы.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік

қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы

бойынша департаментінің сыбайлас

жемқорлықтың алдын алу

басқармасының басшысы

Тлешалиев Н.Д.

Профилактика коррупции

Глава государства Касым-Жомарт Токаев на совещании по вопросам борьбы...

ҚазҰУ-да жаңа технологиялар дәуірі басталды

       Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қытай компьютерлік федерациясының...

«Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен республика аумағында жүзеге...

МАМАНДЫҚ ТАҢДАЙ БІЛУ — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетел филологиясы және аударма...

В Казахстане запущена цифровая платформа для анализа рынков и инвестиционного моделирования

В Казахстане разработана цифровая аналитическая платформа компании EchelonAlpha, предназначенная...