12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЖЕГІ ҚҰРТЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде өткізген кеңесте онымен күресті Мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Президентіміздің пікірінше, заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін,  ең алдымен жемқорлықтың тамырына балта шабу керек.

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мемлекеттік мекеме ұйымдардың қызмет заңдылығының орнықтылығына байланысты шыққан сот шешімдері қоғамда біршама серпіліс туғызғанын атап өтуге болады.

Кез-келген мекемедегі Мемлекеттік  қызметкер басқаларға үлгі-өнеге көрсетуі керек екенін Мемлекет басшысының өзі қайта-қайта қадап айтса, екінші жағынан олардың құқық бұзушылық және қылмыстық жауапкершілігі заңнама талаптары арқылы  айқындалған.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық санатындағы  заң бұзушылықтарға барып жүргендердің басым көпшілігі ірілі-ұсақты лауазым иелері болып жатқандығы көңіл қынжылтады. Ендеше, бұл бағыттағы жұмысты барынша ширату қажет. Қысқасы, жемқорлардың жолын кеспей мемлекеттің қарышты қадам жасауы қиын. Әрі қарапайым адамдар да олардың жең ұшынан жалғасқан жымысқы тірлігін көріп-білгендіктен, болашаққа сенімін жоғалтады немесе  заңның баршаға ортақтығына кәдімгідей күмән келтіреді.

Жалпы, құқықтық мемлекет құруға шындап бет бұрған мына тұста заңдылықтың бұрмаланбауы басты мәселе болып табылады. Осыны жете ұғынып, жауапкершілігін сезінген Түркістан облысының ауданаралық соты өзінің қарауына түскен мемлекеттік сатып алу, тұрғын үй, денсаулық сақтау, білім беру, қоршаған ортаны қорғау және басқа да маңызды мәселелердің заңдылық тұрғысында жүзеге асуына, әділ сот шешімінің шығуына айрықша ден қойып келеді.

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының жұмысынсыз сыбайлас жемқорлықпен тиімді күрес жүргізу мүлде мүмкін емес екенін атай отырып, мұны мемлекет қауіпсіздігіне төнген қатер деп санайды. Сондықтан, сыбайлас жемқорлық қылмыстары қоғамның жегі құрты екендігін естен шығармағанымыз абзал.

Шоқан Күзербаев,

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының бас  маманы.

МЕМЛЕКЕТ АЙБЫНЫ

ҚР Конституциясы – еліміздің негізгі заңы, жоғарғы заңдық күші...

Серебрянск қаласында «Болашаққа арналған экологиялық шешімдер: энергия, жылу және табиғат» атты дөңгелек үстел өтті

Серебрянск қаласында «Болашаққа арналған экологиялық шешімдер: энергия, жылу және...

В Серебрянске прошёл круглый стол «Экорешения на будущее: энергия, тепло и природа»

В городе Серебрянске состоялся круглый стол на тему «Экорешения...

Қазақстанда алғаш рет қасиетті жәдігерлер көрмесі өтті: дінаралық диалогтың жаңа парағы ашылды

2025 жылдың 1 тамызында Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және...

Абай тойының интеллектуалды шымылдығы – «Abai akademiasy»

Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар...