Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық қоғам дамуына үлкен кедергі келтіретін қауіпті құбылыс болып отыр. Ол мемлекетке ғана емес, әрбір азаматтың өміріне кері әсерін тигізеді.
Сыбайлас жемқорлық – бұл қызметтік өкілеттікті жеке пайда үшін пайдалану. Мұндай әрекеттер заңға да, ар-ожданға да қайшы келеді. Әсіресе сот жүйесінде тазалық пен әділдік басты орында тұруы тиіс. Себебі сот шешімдерінің орындалуы – заң үстемдігінің нақты көрінісі.
Негізгі міндеттердің бірі – сот шешімдерінің уақытылы және толық орындалуын қамтамасыз ету. Бұл қызметте адалдық, жауапкершілік және ашықтық аса маңызды. Әрбір іс бойынша заң талаптарын қатаң сақтап, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау басты назарда болуы қажет.
Жемқорлыққа қарсы күрес тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Әр азамат заңды құрметтеп, құқық бұзушылықтарға бейжай қарамауы керек. Тек осындай ортақ ұстаным арқылы ғана әділ әрі таза қоғам қалыптасады.
Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу – әрбір мемлекеттік қызметкердің абыройлы борышы. Заң талаптарын сақтау мен адалдық қағидаттарын ұстану қоғам сенімін нығайтады.


Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының приставы Б.Тоимбетов

Молодой ученый ЕНУ получил жилищный сертификат в рамках государственной поддержки

Старший преподаватель кафедры биотехнологии и микробиологии Института естественных наук...

ЕҰУ-дың жас ғалымы мемлекеттік қолдау аясында пәтер сертификатына ие болды  

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Жаратылыстану ғылымдары институтының...

Литературный мост между Казахстаном и Китаем

На полях 30-й Южнокитайской книжной выставки, прошедшей в Гуанчжоу,...

Дух Великой степи

В Национальном музее искусств Республики Казахстан им. Абылхана Кастеева...

Без изоляции от общества 

Учреждения уголовно-исполнительной системы Восточно-Казахстанской области – структура не закрытая...