12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сот билігі, Заң шығарушы және Атқарушымен бірге Қазақстан Республикасында жоғарғы биліктің бір тармағы болып табылады. Елбасымыз құқық қорғау органдары қызметін реформалау туралы сөзінде жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықтың әлі де тиылмай келе жатқанын және онымен күрес жолдарын тиісінше атап көрсетті.

Осыған орай, еліміздің құқықтық органдар саласы да өз жұмыстарын ширата түсіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын белгілеуде. Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлық секілді қылмыстың орын алуы, тек қана сот билігіне келтірілген нұқсан емес,ол еліміздің барлық жоғарғы билік тармақтарының бетіне келтірілген кір болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің дамуына, ұлттық қауіпсіздікке ауыр кесірін тигізіп, елді ішінен шірітетін залал. Ал егер сыбайлас жемқорлық сот жүйесінде орын алатын болса, мемлекетке келтірілген  кесір мың есе артады. Сондықтан мемлекет, халық, әсіресе сот жүйесінде қызмет атқаратын мемлекеттік қызметкерлер, өздеріне жүктелген жауапкершілікті түсіне отырып, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу міндет. Процессуалдық емес контактілердің болмауын қадағалау және болдырмау сыбайлас жемқорлықтың сот жүйесінде жол бермеудің бір кепілі болып табылады.  Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күнде бір мемлекеттік органның ғана емес, баршаның парызы екендігі сөзсіз.

      Орал қаласының №2 соты әкімшісінің бас маманы Г.М. Давлетова

Әрбір күніміз алғысқа толы болсын!

Қазақстандықтар үшін көктемнің алғашқы күні – 1-наурыздың орны бөлек....

Мемлекеттік қызмет құндылықтарын қалыптастырудағы ерте кәсіптік бағдар беру жұмысы

Ағымдағы жылдың 25 ақпанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері...

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіндегі мінез-құлықтың жалпы стандарттары

Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімді жұмыс істеуі мемлекеттік қызметшілердің кәсіби...

Региональный кадровый резерв – механизм повышения качества регионального управления

Региональный кадровый резерв – важный кадровый проект, направленный на...

Обращение, направленное через Telegram-бот, нашло положительное решение

Агентства по делам государственной службы и его территориальные департаменты...