Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекетке және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіретін келеңсіз құбылыс. Сондықтан оған қарсы күрес – әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Заң үстемдігі мен әділдікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметкерлер де, қарапайым азаматтар да сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік танытуы қажет. Адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын ұстану қоғамның сенімін нығайтып, елдің тұрақты дамуына негіз болады.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ең алдымен құқықтық мәдениетті арттырудан, заң талаптарын қатаң сақтаудан және парақорлыққа мүлдем жол бермеуден басталады. Әрбір азамат заңсыз әрекеттерге қарсы тұрып, адал еңбек пен әділдікті басты құндылық ретінде қабылдауы тиіс.

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» қағидаты – баршамыздың өмірлік ұстанымымызға айналғанда ғана әділетті, ашық және өркендеген қоғам құра аламыз.

                    Орал қаласының №2 сотының

Жетекші маманы 

Бисенбай А.Т.

Формирование культуры нетерпимости к коррупции

В настоящее время одной из главных угроз, препятствующих развитию...

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру

Қазіргі таңда кез келген мемлекеттің өркендеуіне, экономикалық тұрақтылығы мен...

Управление водными ресурсами

В вопросах международной политики Казахстана приоритет отдается сотрудничеству в...

Административный надзор

Для предупреждения совершения лицами, освобожденными из мест лишения свободы,...

Риски принятия наследства

Почему вместе с имуществом могут перейти и долги  КОГДА ЧЕЛОВЕК...