Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін, қоғам сенімін әлсірететін қауіпті құбылыс. Әсіресе құқық қорғау және сот жүйесінде тазалық пен әділдік сақталмаса, заң үстемдігі туралы айту қиын. Сондықтан адал қызмет ету – әрбір мемлекеттік қызметшінің кәсіби міндеті ғана емес, азаматтық парызы.
Сот жүйесінің қызметі – сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету, сот ғимараттарында қоғамдық тәртіпті сақтау және сот процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қорғау. Бұл салада заң талаптарын бұлжытпай орындау аса маңызды. Кез келген заңсыз әрекет немесе қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану тек жеке қызметкердің емес, бүкіл жүйенің беделіне нұқсан келтіреді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ең алдымен әр қызметкердің ішкі мәдениетіне, ар-ұятына және кәсіби этикасына байланысты. Ашықтық, әділдік және бейтараптық қағидаттары – мемлекеттік қызметтің басты ұстанымы. Азаматтармен қарым-қатынаста заң шеңберінен шықпай, тең дәрежеде қызмет көрсету – қоғам сенімінің негізі.
Сонымен қатар, заманауи технологияларды енгізу, цифрландыру процесін жеделдету де жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Электрондық құжат айналымы, бейнебақылау жүйелері, қызметтік әрекеттердің тіркелуі – ашықтықты қамтамасыз етудің тиімді құралдары.
Қоғам болып жемқорлыққа қарсы тұру – ортақ міндет. Әр азамат заң бұзушылыққа төзбеушілік танытып, құқықтық мәдениетін арттырғанда ғана біз әділетті әрі дамыған мемлекет құра аламыз. Әділдік салтанат құрған қоғам – болашақ ұрпаққа қалдырар ең құнды мұрамыз.
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының приставы Серікболсын Мәдіұлы Мырзақұл



