Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау – қоғам дамуының негізі

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуына, қоғамның тұрақтылығына және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына елеулі қауіп төндіретін әлеуметтік дерт. Ол әділдік қағидаларын бұзып, халықтың билікке деген сенімін әлсіретеді. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау – әрбір мемлекеттің басты міндеттерінің бірі.

Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат заңнамалық және институционалдық негізде жүзеге асырылуда. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң қабылданып, мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру бағытында нақты шаралар қолға алынған.

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің маңызды тетіктерінің бірі – алдын алу шаралары. Бұл бағытта құқықтық сауаттылықты арттыру, адалдық пен әділдік құндылықтарын қалыптастыру, жастар арасында парасаттылық мәдениетін дамыту ерекше рөл атқарады. Білім беру мекемелерінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қоғамда «нөлдік төзімділік» қағидасы насихатталуы тиіс.

Сонымен қатар, азаматтық қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының белсенділігі де сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте маңызды. Қоғамдық бақылау, ашық диалог және заң бұзушылықтарға бейжай қарамау – жемқорлықтың алдын алудың тиімді жолы.

Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әр азамат заңды сақтап, әділдікті қолдаған жағдайда ғана таза әрі әділетті қоғам құруға болады.

                                                   Қызылорда облысының мамандандырылған

                                                  ауданаралық әкімшілік сотының бас маман –         

                                                 сот отырысының хатшысы

                                                 Ж.Смагулова

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Под единым шаныраком

ВЕКТОР ИСТОРИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА НЕИЗМЕННО ОПИРАЕТСЯ НА ЕГО ФУНДАМЕНТАЛЬНЫЕ...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Судьялар Одағына 30 жыл

Судьялар Одағы 1996 жылғы алғашқы сеъзінде өз жұмысын бастаған,...

В канун Дня Республики Президент наградил граждан, внесших личный вклад в развитие страны

В преддверии Дня Республики президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал...