12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Адам өмірінің әртүрлі салаларында сыбайлас жемқорлықтың көрінісі біздің еліміздің ғана емес, сонымен қатар халықаралық ауқымның проблемасы болып табылады, өйткені ол барлық елдерде, олардың саяси құрылымы мен экономикалық даму деңгейіне қарамастан, нарықтық экономикасы бар демократиялық мемлекеттерде де орын алады. Сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық салаларына: экономикаға, саясатқа, әлеуметтік салаға үлкен әсер етеді және осы құбылыс тудыратын жағымсыз салдарлар қоғамның дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігінің мүдделеріне нақты қауіп төндіреді. Саясаткерлер де, жоғары мемлекеттік шенеуніктер де сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қажеттілігі туралы айтады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік органдар үшін де негізгі басымдықтардың бірі ретінде айқындалған. Сонымен қатар, стратегиялық бағыттардан басқа, мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және оларға жол бермеу жөніндегі шаралар кешенін тұрақты негізде жүргізеді, өйткені сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде мемлекеттік қызмет органдарының имиджіне теріс әсер етеді, азаматтардың сеніміне нұқсан келтіреді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері ел өзінің даму сатысында болған кезде әрқашан жоғары болады. Қазақстан қазір модернизацияны ғана емес, қоғамдық, мемлекеттік және экономикалық негіздердің айтарлықтай өзгеруін бастан кешуде. Қазіргі уақытта қазақстандық қоғамда болып жатқан жас тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуына тән процестер сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы іс-қимылды күшейту қажеттілігін өзектендіреді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық өтпелі кезең елдерінің сөзсіз атрибуты болып табылады. Қазақстанда бұл ең алдымен экономикалық, институционалдық және әлеуметтік-мәдени себептер сияқты бірқатар объективті себептермен байланысты.

Мемлекеттің дамуына бармақ басты, бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз.

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Елбасы биылда «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз.

Мұғалжар аудандық сот 

әкімшісінің бас маманы Г.К.Басыбаева 

Масаң күйде көлік тізгіндеу қоғамға қауіпті

Масаң күйде көлік жүргізу біріншіден, қоғамдық тәртіпті бұзса, екіншіден,...

Құқық пен міндет қос ұғым

Қоғам құндылықтарының бірі – еркіндік пен теңдік. Біріншіден назар...

В учреждении №11 Департамента УИС города Алматы прошел конкурс рисунков

В учреждении №11 Департамента УИС города Алматы прошел конкурс...

№11 мекемесінде сурет салудан байқау өтті

 Алматы қаласының ҚАЖ департаментінің №11 мекемесінде  Ұлы Жеңістің 80 жылдығын...

НА СТРАЖЕ МИРА В ПЛАМЕНИ ВОЙНЫ

Великая Отечественная война – это не только битва на...