12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Суицидтің алдын алу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЗК-169/5 мекемесінің әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.
«Суицидтің алдын алу мәселелері» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелге облыстық денсаулық сақтау басқармасының суицидолог маманы Мырзаханова Мира Айтжанқызы, облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр дәрігері Ауезов Алмас Сайлауұлы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының психологы Аяғанова Алмагүл Жанділдәқызы, Қызылорда облысы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог имамы Оспанов Бахтияр Есенгелдіұлы, облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығының психолог маманы Исмайлова Жамиля Токтағановна, Есенбаева Гүлнар Кенжегалиевна, Қызылорда облысы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» психолог маманы Қойшыбаева Қарлығаш Балтабайқызы, Қызылорда облыстық Жастар денсаулығы орталығының психолог маманы Әбсамат Еркебұлан Әділбекұлы, Қылмыстық атқару жүйесі департаменті сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету тобының бас маманының м.а. Баймурзаева Айгерім Құдайбергеновна, ҚАЖ Департаментіне қарасты (ЗК-169/1, ЗК-16/4, ЗК-16/5, Қызылорда қалалық пробация бөлімі) психолог, теолог, медицина қызметкерлері қатысты.

Кездесудің мақсаты жазасын өтеуші азаматтар арасында орын алып жатқан суицидтік іс-әрекеттерінің алдын алу бойынша тәжірибе алмасу.
Дөңгелек үстелді ҚАЖ департаменті сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысын жүргізу тобының бас маманы әділет подполковнигі Серік Сейдахметов ашып, түзеу мекемелеріндегі сотталғандар арасында Суицидтің алдын алу бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

Кездесу барысында сала мамандары өз тәжірибелерімен бөлісіп, әріптестік аясында тығыз байланысты әрі қарай дамыту мақсатында методикалық әдістеме шығаруға және Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасымен ҚАЖ департаменті арасында ынтымақтастық меморандумын жасау туралы ұсыныс айтылды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...