12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Судьялық әдеп кодексінің
орны бөлек

Елімізде адалдық пен әділдікті ту етіп, моральдық нормаларды жоғары қоятын судьялар корпусын қалыптастыруда атқарылып жатқан тағылымды шаралар жетерлік. Соның бірі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 19-қадамының шеңберінде жүзеге асырылған Судьялық әдеп кодексі. Судьяның жүріс-тұрысының этикалық нормасын белгілейтін кодекс қазылардың VII сьезінде қабылданған болатын. Осы орайда, Судьялық әдеп кодексінің 13-бабына сәйкес, жұмыс істеп жүрген судьялар мен отставкадағы судьялар жүріс-тұрыстың әдеп қағидаларын орындауға тиістігін атап өткен жөн.

15 баптан тұратын маңызды құжатта судьяның біліктілігі, адамгершілік, моральдық бейнесін нығайтуға тиіс екендігі жан-жақты жазылып,  өз қызметі барысында қабылдаған антына берік, қызметінде шынайы, шешім шығару барысында ешкімнің заңсыз араласуына жол бермеу керек екендігі егжей-тегжейлі баяндалған. Судья лауазымын таңдаған әрбір қазы заң үстемдігін және сот органдарының тәуелсіздігі қағидаттарын қорғап, жүзеге асыруға тиіс. Әрине, туған-туыссыз, ағайынсыз адам болмайды.  Алайда, судья «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» демекші, өзіне мемлекет тарапынан жүктелген зор жауапкершілікті сезініп, «бармақ басты, көз қыстыға» жол бермей, туыстық қарым-қатынасты ысырып, істі заң тұрғысынан қарай отырып, әділ шешімін шығаруы қажет. Мәселен, кодекстің 2-бабында «Судья өзінің кәсіби қызметін атқарған кезде заңға бағынуға және кез келген сырттан ықпал етуге жол бермеуге, кімнен шыққандығына қарамастан қорқытуға, қысым жасау мен құқықтық емес әсерлерге, сот процесіне тікелей немесе жанама араласуға қарсы тұру қажет», – екендігі көрсетілген. Сондай-ақ, судья заңды күшіне енбеген сот шешімдерінің заңдылығына қатыс­ты жария мәлімдемелерден және сот жүйесінің абыройын түсіріп, сот төрелігінің мүддесіне залал келтіруі мүмкін түсіндірмелерден тартынуға тиіс.
Әр судьяның соттан тыс жердегі жүріп-тұруы да соттың тәуелсіздігі туралы қоғамның сеніміне күмән ұялатпауы қажет. Одан бөлек, судья нақты сот ісі бойынша іске қатысушы адамдармен, олардың өкілдерімен, прокурормен, адвокатпен, өзге де мүдделі адамдармен процестік және өзге де заңнамада көзделмеген процестік емес байланыстардан, егер осы іс-әрекеттер судьяның объективтілігіне және бейтараптылығына күмәннің туындауына алып келуі мүмкін болса, бас тартуға тиіс. Жұртшылық тарапынан болып тұратын тұрақты назар, судьяға өзіне бірқатар шектеу қою міндетін жүктейді. Судья беделіне нұқсан келтіретін қоғамдық іс-шаралар мен өзге де көпшілік орындардан аулақ болуға тиіс. Ал сот билігінің беделін түсіруге әкеп соққан және судьяның абыройына нұқсан келтірген осы кодекстің ережелерін бұзу судьяны заңға сәйкес тәртіптік жазаға тарту үшін негіз болып табылатындығы Судьялық әдеп кодексінің 14-бабында нақты көрсетілген. Судьяларға қатысты азаматтардың шағымы бойынша осындай бұзушылықтар үшін қоғамдық ықпал ету шаралары да қолданылуы мүмкін.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» тарқатсақ, жүктелген зор жауапкершілікті абыроймен атқарып, азаматтардың құқығын заң аясында қорғап, мемлекеттің зор сенімін ақтау парыз әрі міндет деп білемін.  

Гүлмира Сүйеуова,
Ақтау қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі

мамандандырылған сотының судьясы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...