12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Судьялар съезінің маңызы зор!

Биылғы жыл Қазақстан Республикасы судьялар съезінің ІХ рет өтуімен есте қалды. Судьялар съезі – сот жүйесіндегі негізгі мәселелерді талқылап, стратегиялық міндеттерді айқындайтын маңызды алаң. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын басқосу соңғы рет пандемия кезінде онлайн режимде өткен еді. Сондықтан биылғы офлайн режимде өткен судьялар съезінің орны бөлек.

Судьялар съезі — еліміздің судьялар корпусындағы тарихи оқиға, өйткені мында атқарылған жұмыстар, оның ішінде енгізілген заңнамалық жаңалықтарды талқылау және заңның үстемдігін қамтамасыз ету, сот жүйесін нығайтуға бағытталған іс-шаралардың жоспарлары белгіленеді. Сонымен қатар, 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш тәуелсіз кассациялық сот жұмыс істеп бастайтындығы туралы жарияланды. Реформа азаматтар үшін сот төрелігінің қолжетімділігін кеңейтуге, инвестициялар мен бизнес жүргізу үшін жағдайларды жақсартуға бағытталған. Сондай-ақ, судьялар съезі отандық және халықаралық сарапшыларды жинап, тәжірибе алмасу және сот практикасының өзекті мәселелерін талқылау алаңына айналды. 1996 жылдан бері осы күнге дейін 1996, 1999, 2001, 2005, 2009, 2013, 2017, 2020 жылдары сегіз рет съезд өткізілді. Бұл съездердің барлығында сот саласындағы келелі мәселелер

Мәселен съезде көтеріліп, кейін шешімін тапқан бастамаларға көз жүгіртсек, сот сатыларының дербестігі күшейтіліп, істерді қараудың жеделділігі мен сапасы артты. Сот қаулыларын орындаудың баламалы әдістері, жеке сот орындаушылары институты өмірге келді. Алқабилер соты жұмыс жасап тұр. Мамандандырылған соттар жүйесі дамытыла түсуде. Мамдандырылған ауданаралық экномикалық, әкімшілік соттарының қатарына соңғы жылдары қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот пен кәмелетке жасы толмағандар істері жөніндегі ауданаралық соттар қосылды. Болашақта дамыған елдердегідей салық соттарын құру жобасы да бар. Сондай-ақ дауларды шешудің баламалы әдістері жетілдірілді. Тергеу әрекеттеріне сот бақылауы орнатылып, бүгінде тұтқынға алу мен қамауда ұстауға санкцияны соттардың беруі қалыпты үрдіске айналды. Тергеу судьясы институты енгізіліп, оның құзіреттіліктері кеңейтіле түсуде. Сот кадрларын даярлау мен біліктілігін арттырудың қазақстандық жүйесі қалыптастырылуда. Сот жүйесін дамытуға қатысты іргелі заңдардың қабылдануы өз нәтижелерін беріп жатыр. Бітімгершілік институттары дами түсіп отыр. Медиаторлардың қатысуымен қаралатын істердің саны жылма-жыл артып келеді. Соттардың қызметіне ақпараттық технологиялардың жаңа жетістіктері батыл енгізілуде. Соның арқасында елімізде карантиндік жүйе енгізілген кезеңде сот саласы абдырап қалмай, сот отырыстарын онлайн түрде жалғап кетті. Тізе берсек судьялар съезінде талқыланып, шешімін тапқан мәселе көп. Сондықтан сот жүйесіндегі судьялар съезінің маңызы зор.

Абенова Жанат Тлеубаевна, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының төрағасы

Сенім  – заңды білуден басталады

Бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі –  сабырсыздық, шыдамсыздық, яғни...

Істерді оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарау

Азаматтық істі қараған кезде белгілі жағдайларда талап қою оңайлатылған...

Мемлекеттік сатып алу саласындағы даулар

АПК-нің 27-бабының 1-бөлігіне сәйкес мемлекеттік сатып алудан туындайтын даулар...

Көлікті мас күйде басқарудың жауапкершілігі жоғары

Жол көлік оқиғаларын барынша азайту қазіргі таңда қоғамның алға...

Негізсіз баюдың соңы жақсылыққа апармайды

«Уәдені бұзған – ұяны бұзғанмен тең», «Ақшадан уәде күшті»...