12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Судьялар съезінде көтерілген мәселелердің салмағы ауыр

Бүгін төрт жылда бір рет өтетін дәстүрлі судьялар съезі өтті. Пандемиялық жағдайға орай онлайн режимде өткен форумға Қазақстан Судьялар одағының делегаттары, Парламент депутаттары, халықаралық сарапшылар мен серіктес-ұйымдар, орталық мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, заң қауымдастығының, халықаралық ұйымдардың мүшелері мен ҮЕҰ өкілдері қатысты. Сот саласының жетістіктері мен кемшіліктерін қорытындылап, алдағы уақыттағы саланың даму бағыттарын айқындайтын жиын бұл жолы да келелі мәселелерді ортаға салды.

Атап айтқанда судьялардың жауапкершілігі мен тәуелсіздігін арттыру, кейбір қылмыс түрлеріне жазаны күшейту, жаңа судьяларды іріктеу және қызметтегі судьяларды бағалау, соттардың қорытынды шешімдерінің жаңа форматы және оларды түсіндіру, пандемия кезіндегі фронт-офистер мен соттардың жұмысы талқыға салынды. Съездің бас спикері Қасым-Жомарт Тоқаев сот-құқық жүйесін одан әрі дамыту идеологемасын айқындап, судьялар корпусының таяу кезеңдегі басым міндеттерін белгіледі. Президент көтерген тағы бір мәселе, соттарға БАҚ-тар мен әлеуметтік желілердің әсері, яғни, іс сотқа жетпей жатып, кейбір журналистер мен блогерлердің жағдайды ушықтырып жіберетіні болды. Мұндай жағдайға құқық қорғау органдарының да кінәсі барын ашып айтқан Қасым-Жомарт Кемелұлы сотқа қысым жасау заң бойынша қатаң жауапкершілікке әкелетінін ескертті. Яғни «тура биде туған жоқ» қағидасына сай, Соттардың барынша тәуелсіз болып, шешім шығарғанда ештеңе әсер етпеуін, барынша тәуелсіз болып, «Мантия кигендер тек заңға бағынып шешім не үкім шығаруы тиістігін» атап өтті.

Ал ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов қоғаммен кері байланысты дамытуға, айыптау үкіміне, жаңа судьяларды жария іріктеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске айрықша тоқталып өтті. «Сот жүйесі жаңа кезеңге қадам басты деуге болады. «50 жылда ел жаңа» демекші, қоғам тез өзгеруде. Сот та заманға қарай өзгеру керек екенін түсінеміз» деп сот саласының заман сұранысына сай тез бейімделіп келе жатқанын атап өткен Жақып Асанов мырза «Процестеріміздің 95% қашықтықтан өтуде. Күніне 4,5 мыңға дейін онлайн-процесс өтіп жатыр. Сот шешімдеріне шағымдану 30%-ға қысқарды. «Еститін мемлекет» деген саясатқа сай, қоғаммен диалог құрылуда. «Баспасөз бен әлеуметтік желі не жазып жатыр» деп, тәулік бойы бақылау жүретін болды. Ақтап шығатын үкімдер көбейді. Бұрын жылына 15 адам ғана ақталып келсе, қазір шамамен 180 адам ақталуда» дейді. Расында да пандемиялық жағдайға орай қоғамымыздағы кейбір салалар карантинге тез бейімделіп үлгере алмай жатқанда, сот саласы соңғы жылдары ақпараттық технологияға, электронды қызметке көшуіне орай, онлайн сот отырысына, онлайн қызметке дер кезінде бейімделіп үлгергенін дәлелдеді. Сондай ақ осыған дейін съездерде үлкен мәселе ретінде атап өтілген ақтау үкімдерінің аздығы, сот саласының цифрлы жүйеге көшуі секілді мәселелердің бүгінде шешімін тапқан мәселеге айналуы судьялар съезінің нәтижелі болып жатқанын аңғартатындай. Сондай ақ мемлекет басшысы фемида қызметкерлерінің карантиндегі еңбегін ерекше бағалады. Демек сала уақыт пен заман сұранысына сай дамып келе жатыр. Бастысы осы!

Үмбетәлиева Кәмшат, Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...